- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Әкем айтқан өтіріктер...
Әкем айтқан өтіріктер (Видео)
Әке – өмірдің тірегі. "Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын" деп, баласының қамын ойлап, күні-түні еңбек етуі – асыл әкелердің ерлігі. Көрген қиындықтары жайлы сыр бермейтін, өмірдің ауыртпалығын көтеріп жүріп, ештеңе білдіртпейтін абзал әкелердің қасиетін мына әлеуметтік бейнебаян көрсеткендей.
Бірақ бәрімізді жақсы істерге баулып, "Өзегің үзілсе де, өтірік айтпа!" деп тәрбиелеген әкелеріміз осы бейнебаянда өздері өтірік айтқан екен. Барлықтарыңызды "Не себепті?", "Не деп өтірік айтқан екен?" деген сұрақ мазалап тұрғанын білемін. Оны өздеріңіз төмендегі бейнебаяннан тамашалап, ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Cурет: i0.wp.com
Е. Жұмабайұлы