Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын сел кезінде 100 000 адам түрлі жарақат алып, 5000 адам қаза табады екен. 2000 жылдың 10 қаңтарында қатты жауын-шашынның әсерінен Венесуэллада сел жүрген. Оның салдарынан 1000 адам қаза тауып, 15 000 адам үйсіз қалған. Осы шығынның орнын толтыру үшін 500 миллион доллар қаражат кетті. Әлемнің өзге түкпірлерінде де осыған ұқсас сел тасқындары жиі болады екен.
1998 жылдың 6 мамырында сағат 14:00-де Италияда сел болды. Сел Неополдағы туристік ауданның жанынан өткен. Таулы аймақтағы екі күнге созылған жауын-шашын селдің басталуына себеп болған. Табиғи құбылыстың салдарынан 170 адам қаза тауып, 2 000 адам баспанасыз қалды.
1995 жылы осы секілді апат Венгрияда да болды. 16 сағаттың ішінде жауын-шашынның деңгейі 75 сантиметрге дейін жеткен. Конвей мен Робинсон өзендерінің арнасы толып, өзен суы айналасын шайған. Сел көпірлер мен үйлерді қиратып, жолдарды толық жауып тастады. Шығынның орнын толтыруға 100 миллион доллар жұмсалды.
Ресейдің Солтүстік Кавказ бөлігінде сел жиі болып тұрады. 1995 жылы осы аймақта селдің әсерінен Тырныауз қаласы қирап қалды.
1963 жылдың 7 шілдесінде Алатау аңғарында да ірі сел болды. Найзағайдың әсерінен Есік өзенінің суы арнасынан асып кеткен. Тасқын суы тасты, ағаштарды қиратқан. Көлдегі бөгет бұзылып, су жолындағылардың бәрін жойып кетті. Арада бірнеше сағат өткен соң көлдің орны бос қалған.
1985 жылдың 13 қарашасында Колумбияның батыс бөлігінде сел жүрген. Сел жойқын жанартаудың әсерінен басталған. Оның жылдамдығы сағатына 100 шақырымға дейін жетті.