Адамның адал досы: иттерге арналған ескерткіштер

Адамның адал досы: иттерге арналған ескерткіштер
Фото: MARK POCOCK, GETTY IMAGES

Грейфрайарс Бобби атты итке арналған ескерткіш – Эдинбургтің көрнекті жерлерінің бірі. Бұл иттің қайтыс болғанына 150 жыл болған. Бірақ оның иесіне деген адалдығы туралы естелік әңгіме әлі күнге дейін айтылып келеді. Бобби секілді иттер туралы қызықты топтаманы назарларыңызға ұсынамыз.

БОББИ


Келген туристер Боббидің тұмсығынан "сәттілікке" деп ұстап кетеді екен.

Грейфрайарс Бобби Эдинбург тұрғыны Джон Грейдің (Олд Грей деп те атаған) адал досы болған. Грей қайтыс болған кезде Бобби бейітінің басында өмірінің соңына дейін 14 жыл күзетіп отырған. Кейін ол қайтыс болған соң, иесінің жанына жерленген. Оның адалдығы тұрғындардың ғана емес, белгілі жазушылардың да жүрегін елжіреткен. Америкалық жазушы Элеонора Аткинсон Бобби туралы шығарма жазған, кейін 1961 жылы дисней фильмі жарық керген. 

Келген туристер сәттілікке жорып, Боббидің тұмсығын ұстап суретке түседі екен, содан болса керек, мүсіннің тұмсық тұсының түсі өзгерген. 

ФАЛА


Франклин Д. Рузвельт пен иті Фаланың ескерткіші, Вашингтон

Ақ үйдің ең танымал иті – Фала. Франклин Д.Рузвельттің адал серігі болған ол көптеген кездесулерде президенттің жанында көрінген. Ең жиі айтылатын естелік мынадай: 1944 жылы Фала иесімен бірге Алует аралына барған. Рузвельттің саяси қарсыластары "сол сапарда итін аралда тастап кетті, оны кері алдыру үшін ел ақшасын пайдаланып, арнайы кеме жіберді "деп айып тағады.  

Сайлау алдындағы іс-шарада Президент жеке басына тағылған айыптарға қарсы келмейтінін, бірақ Фаланың "мен туралы алып-қашпа әңгіме таратты" деп қатты ашуланғанын айтып, қалжыңға айналдырады. 

Сержант Гандер


Сержант Гандерді жергілікті ардагерлер мен тұрғындар қатты сыйлайды екен. Канада

Сержант Гандер Екінші Дүниежүзілік соғыс (Ұлы Отан соғысы) кезінде Канаданың Патшалық атқыштарының бойтұмары болған, тұқымы – ньюфаундленд. 1941 жылы Гонконгте Гандер жауынгерлермен бірге болған. Шайқас алаңында екі рет канадалық жауынгерлерлі құтқарған, ал үшінші рет өзі өлім құшқан. Сержант Гандер сарбазға лақтырылған гранатаны өзі тістеп, алысқа лақтыруға оқталғанда, мерт болған.

Гандер Виктория Крестімен тең келетін жануарларға арналған Дикин медалімен марапатталған. 2000 жылы Ньюфаундленд пен Лабрадорда Мемориалдық саябақта ескерткіш орнатылған.


1924 жылы өзі туралы фильмге де түскен

Бұл Боббидің тарихы 1923 жылы басталған. Иесімен бірге Индиана сапар шеккенде оған бөтен иттер шабуыл жасаған. Иесі мен оның отбасы Боббиді шарқ ұрып іздеп таба алмай қалған. Күдер үзген отбасы үйлеріне (Сильвертон, Орегон штаты) қайтып кеткен, сол сапардың арақашықтығы 4023 км болған. Арада алты ай өткенде тырнақтары сынған Бобби үйіне қайта оралған. Бұл оқиға жергілікті тұрғындар үшін жаңалық болды. Біршама мақала жазылған, сұқбат алынған, медаль таққан, тіпті Бобби туралы 1924 жылы дыбыссыз "Батыстың үні" атты деректі фильм түсірілген. 1927 жылы ит қайтыс болған. Оның адалдығы үшін Сильвертонда ескерткіш орнатылған.

ХАТИКО


Хатико ескертшікі – Токионың көрнекі орындарының бірі

Алғаш айтылған Бобби секілді, Хатико да өз иесіне адалдығымен танылған ит. 1920 жылдың басында Токио университетінің профессоры Уэноның акита тұқымдас иті болған. Хатико үнемі иесін Сибуя станциясына дейін шығарып салып, қайтқанда күтіп алып жүрген. Профессор 1925 жылы жұмыс орнында қайтыс болған. Содан кейінгі 10 жыл Хатико күнде сол бекетке барып иесін күткен. Осы адалдығы үшін теміржол бекетінде ескерткіш орнатылған, 2015 жылы Токио университетінде бір-бірінен көз жазып қалған достарды табыстыру мақсатындатағы бір ескерткіш ашылған. 1987 жылы "Хатико Моногатари" атты жапондыө фильм жарық көрген, ал 2009 жылы Ричард Гир басты рөлді сомдаған голливудтық фильм түсірілген. 

БАЛТО


Гуннар Каасен мен Балто Балтоға арналған ескерткіштің ашылу салтанатында, 1925 жыл

Балто туралы толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыздар:

Індеттен құтқарған Балто туралы

ГЕЛЕРТ


Гелерт туралы аңызды Уэльс тұрғындары біледі

Бұл тізімде Гелерт атты иттің оқиғасымен аяқтайық. Аңызға сенсек, Ұлы Лливелин ортағасырлық валлилік ханзада саятқа шығады. Үйіне оралса, кішкентай баласы жоғалып кеткен, өзінің адал серігі болған төбеті Гелерт үсті-басы қан-қан боп жүріпті. Ханзада баланы Гелерт өлтірді деп, ашуланып, қолындағы қылышымен Гелертті өлтіріпті. Құлпытасында "иттің өлім алдындағы жанайқайына баланың жылаған даусы жауап қатты" деген жазу болған. Ханзада сақшылары Гелертті жерлеген тұста жылаған баланың даусын естіген. Жоғалған бала аман-сау, жанында Гелерт өлтірген қасқырдың денесі жатқан. Құлпытастағы жазу "Өкініштен аза тұтқан ханзада бұдан кейін күлмеді" деп аяқталған.

Г. Берік