- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Вьетнамда білім алғыңыз...
Вьетнамда білім алғыңыз келсе
Қазақстаннан үш студентті 2017-2018 оқу жылына Вьетнам жоғары оқу орындарында оқуға қабылдауға дайын.
Өтініш білдіргісі келген талапкер сауалнамаға келесі құжаттарды қоса беруі қажет:
– еркін нысандағы шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (орыс немесе қазақ тілінде). Дата құжаттар тапсырылған күнге қойылады;
– жеке куәлік және ұлттық төлқұжат көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
– Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығатын азаматының қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы. Дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;
– шетелге шығушылар үшін қосымшаға сәйкес 082/у нысанындағы медициналық анықтама;
– орта білім туралы аттестат және білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Шетелге оқуға жіберу қағидаларына сәйкес аттестаттың орта балы 5,0-ден 4,5-ге; бакалавр және магистр дипломы GPA 4.0-ден 3.0-ге сәйкес келуі керек;
– сертификаттар мен дипломдар көшірмелері, бағаларымен бірге;
– 2 профессордан берілген ұсыным хаттар (магистратура мен докторантура үшін);
– жоғары оқу орнымен немесе таңдалған ғылыми ұйым қызметкерімен үміткердің ғылыми жобасы қабылдаушы мекемеде орындала алатынын растайтын оқуға қабылдауға келісім (докторантура үшін);
– басқа құжаттар (шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар мен басқа құжаттар);
– үміткердің жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; медициналық қорытынды бойынша тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсеткіші жоқ бала шағынан мүмкіндігі шектеулі балалар; көп балалы отбасылардағы балалар санатына жататынын растайтын құжаттар;
– үміткердің ата-анасының (қамқоршылары, заңды өкілдері) шетелге оқу үшін жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
Құжаттар толық жинақталғаннан кейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Алтын Орда» БО, 5-қабат, 502-кабинет. Байланыс тел.: +7 (7172) 24 93 87
Грант Қазақстан Республикасындағы Вьетнам Социалистік Республикасының Елшілігі, Вьетнамның Білім және кадрларды даярлау министрлігі Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2009 жылғы 15 қыркүйектегі келісімге және аталған Келісімге толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға сәйкес ұйымдастырылып отыр.
Г. Берік