- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Вьетнам Республикасы Қазақстан...
Вьетнам Республикасы Қазақстан азаматтарына грант жариялайды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Үкіметі арасында білім саласындағы ынтымақтастық келісім негізінде Вьетнам Социалистік Республикасының Жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға (3 орын) конкурс жариялайды.
Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшем шарттары:
1) білім туралы құжаттың орташа балы;
2) білім алушылардың академиялық кезеңнің аяқталуы бойынша ағымдағы үлгерімі.
Оқу вьетнам тілінде (1 жыл қосымша вьетнам тілінің дайындық курстарымен қоса) өтеді.
Вьетнам Социалистік Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);
- баспа әріптермен жазбаша толтырылған және суреті бар сауалнама;
- жеке куәлік және/немесе ұлттық төлқұжат көшірмесі (нотариалды расталған);
- нотариалды расталған қосымшасымен бірге соңғы білім туралы құжаттың көшірмесі;
- мектеп түлектері үшін 9-сынып бойынша нотариалды расталған қосымшасымен аттестат көшірмесі, 10 және 11-сыныптардағы оқу үлгерімдері туралы табельдерінің мектеп мөрімен расталған көшірмелері, мектеп директоры растаған түлек мәртебесі туралы анықтама (нотариалды растаған);
- шетелге оқуға барушыларға арналған ВИЧ-инфекциясына тестінің нәтижесі көрсетілген 086-У формасындағы медициналық анықтама (фото мен мөр болуы қажет);
- бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
- бар болған жағдайда ұсыныс хат.
Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде Т.А.Ә, мекенжайы, телефоны, жоғары оқу орнының атауы, мамандығы көрсетілуі тиіс.
Құжаттар файлдық мұқабада 2 данадан (1 түпнұсқа, 1 көшірме) болуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана мына мекенжай бойынша қабылданады:
Астана қ, Орынбор көшесі, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, (рұқсаттама бюросы).
Құжаттарды қабылдауды ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін (13.00-14.30 түскі үзіліс) жүргізеді, телефон +7(7172) 742390, 742367.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2016 жылғы 25 мамыр.
Г. Берік