Венгрия Қазақстан азаматтарына грант бөлді

Венгрия тарапы Қазақстан азаматтарына бірнеше грант  ұсынып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сайты жариялаған.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің және Венгрия Республикасы мен келіссөз жүргізу арасында Венгрия үкімет басшысы Қазақстан Республикасы азаматтарына 2016-2017 жылға «Stiependium Hungaricum». шәкіртақы бағдарламасын ұсынып отыр.

Грант төмендегідей:

- 20 грант баклавариат бағдарламасы. Оның ішінде 15 грант өнер және гуманитарлық ғылым, инженерлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, туризм және әнші мамандықтарына беріледі, 5 грант  славиян ғылымдарына бөлінген.

- 20 грант магистратура бағдарламасы. Ғылым, инженерлік, ақпараттық технология, туризм және әнші, ауыл шаруашылығы саласына бөлінген.

- 5 грант докторантура бағдарламасы.

Гранттар туралы ақпарат www.stipendiumhugaricum.hu веб-сайтында көрсетілген.

Skype: stipendiumhugaricum

E-mail: stipendiumhugaricum.@tpf.hu

Байланыс тел: +36-1-236-5040

Талапкерлер 2016 жылдың 16 наурызына дейін тіркеуден өтіп,  құжаттарын тапсыруы қажет.

Талапкердің онлайн-тіркеуден өту үшін мына сілтеме бойынша өтуіне болады: https://www.tka.hu/international-programmes/2966/stipendium-hungaricum/

Кандидаттардың онлайн сауалнамаларын көшірмелеу арқылы қажетті құжаттарын  келесі сілтемемен толтыруға болады:

https://www.tka.hu/docs/palyazatok/20160202_call_for_applications_2016_2017_final1602021631.pdf

ҚР БҒМ жіберу үшін құжаттардың тізімі

Өтініш білдіруші келесіде көрсетілген қажетті құжаттарды жинақтауы керек:

Шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш еркін нысанда (қазақша немесе орыс тілінде); Шәкіртақы бағдарламасының апликациялық  формасы (толықтай толтырылған, және өтініш иесінің қолымен шығарылған); Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі); Паспорттың көшірмесі (жеке куәлік нөмірімен, аты, суреті және аяқталу мерзімі нақты болуы тиіс; Europass format түріндегі түйіндеме Ынталандыру хаты ағылшын немесе мажар тілінде; Шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы; Ағылшын тілі білімінің деңгейі туралы сертификат бар болған жағдайда TOEFL  IBT 90 балл. PBT 550 балл немесе IELTS 5.0 (Мажарстан университеттерінің шарттарына қатысты толық ақпаратты қосымшада табасыздар); Медициналық анықтама 082/у үлгісі қосымшадағы нысан бойынша (көшермесі сәйкестендіру үшін талап етіледі);  Бар болған жағдайда мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері; Бар болған жағдайда ұсынымдық хаттар; Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелері (сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылуы тиіс).

Білім туралы құжаттар:

Транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін). Бұл ретте көрсетілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады. Орта мектеп бітіргендігін растайтын куәліктің көшірмесі (ағылшын тіліндегі нотариалды куәләндырылған көшірмесі және түпнұсқасы). Орта мектепті бітіргені туралы құжаттары болмаған жағдайда, 9-сыныпты аяқтағаннын растайтын нотариалды құжат тапсыруыға тиіс, оның ішінде 10-11-сыныптағы үлгерімі туралы табелі; Кез келген жоғарғы  оқу орнын бітірген туралы дипломдардың  ресми транскриптері (түпнұсқа және ағылшын тіліндегі нотариалды көшірмесі); Бакалавр дипломының көшірмесі (магистрлік бағдарламаның  үміткерлеріне арналған) – түпнұсқа және ағылшын тіліндегі нотариалды көшірмесі. Егер жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімін растайтын құжаттары болмаған жағдайда нотариалды бекітілген студенттің соңғы курстағы транскрипциясы болуға тиіс.

Өнер және музыка саласындағы үміткерлер қосымша келесі құжаттарды жинақтауы тиіс:

Суретшілер, әншілер, дирижерлер:

Жоғарғы сападағы  әртүрлі музыка стиліндегі жазбалар (дирижерлар DVD нұсқасын ұсына алады, сазгерлер 3 түпнұсқа жазбаларын ұсынуы тиіс).

PhD бағдарламасының үміткерлері қосымша келесі құжаттарды жинақтауы тиіс:

Нақты зерттеу жоспары (кем дегенде 2 бет) Магистратураны бітіргендігін растайтын дипломның көшірмесі (түпнұсқа және ағылшын тіліндегі нотариалды көшірмесі) бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін) таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін); Академиялық беделі бар тұлгалардың 2 ұсыныс хаты талап етілген бағдарламаның тілінде немесе мажар тілінде.

Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде аты-жөні, мекен-жайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы көрсетілуі тиіс.

Құжаттар файлдық мұқабада 2 данадан (1 түпнұсқа, 1 көшірме) және 1 СD-диск 1 данада болуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ, Орынбор көшесі, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс (рұқсаттама бюросы).

Құжаттарды қабылдауды ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ге дейін (13.00-14.30 түскі үзіліс) жүргізеді, телефон +7(7172) 742390

Соңғы шешімді мажар тарапы қабылдайды.

Өткен кандидаттардың тізімі 2016 жылы 22 маусым күні  жарияланады.

Шетелге білім алуға шыққан азаматтың анкетасы

Венгрияның грант бағдарламасы

Медициналық анықтама 082/у үлгісі