Адам баласына мүмкіндік бірдей берілсе де, оны әркім түрліше пайдаланады. Бірі - сабағын жақсы оқыса, екіншісінің - үлгерімі нашар болады. Бұлай болуының түрлі себебі бар. Десе де, төмендегі кеңестердің көмегімен сабақты дұрыс оқып үйренуге болады.
♦ Үйге келе салысымен ертеңгі күнге қандай тапсырма берілгендігін және қаншалықты қиын екенін анықтаңыз. Оны орындау үшін қанша уақыт кететіндігін ойша болжап көріңіз. Түрлі жағдай болуы мүмкін болғандықтан, жарты сағатты артығымен қосыңыз;
♦ Үй тапсырмасын нақты қай кезде орындайтындығыңызды анықтап алыңыз. Мысалы, өзіңізге «Түстен кейін екі сағат жұмыс істеймін, қалған уақытымды ойынға арнаймын» сынды уәде беріңіз. Солай шешкен екенсіз, уәдеңізде тұрыңыз. Ісіңізді бітірген соң қалауыңызша ойнауыңызға болады;
♦ Үй тапсырмасын бірнеше күн өткен соң емес, дәл сол күні орындауға тырысыңыз. Осылайша, мектепте дәл осындай тапсырманы қалай орындағаныңызды жылдам еске түсіресіз;
♦ Үй тапсырмасын орындауды жазбашасынан, әрі ең қиынынан бастаған дұрыс;
♦ Сабақ орындау барысында армандап, қатысы жоқ дүниелер туралы ойлаудың қажеті жоқ;
♦ Сабақ оқып отырған кезде екі сағат сайын үзіліс жасап отыру керек. Әр екі сағат сайын ми демалысты қажетсінеді. Серуендеп келсеңіз, тіпті, жақсы;
♦ Сабақ оқу барысында өзге нәрсеге алаңдау арқылы уақытыңызды шығындайсыз. Яғни, барынша жинақталғаныңыз жөн;
♦ Кітаптарыңыз бен сабаққа қажетті құрал-жабдықтарыңыз үнемі реттеулі болсын. Сол кезде сызғыш пен сөздік сынды заттарды іздеуге аз уақытыңыз кетеді;
♦ Таңертең асығып жүріп ұмытып кетпес үшін қажеттінің барлығын кешкісін дайындап қойыңыз;
♦ Үйден ерте шығыңыз. Кешігіп келгенше, ерте келген жақсы;
♦ Еш уақытта қолыңыздан келмейтін уәде бермеңіз. Мысалы, ертең кітапханаға кітап өткізіп, арасында әжеңіздің үйіне бару сынды көп жоспарыңыз болса, құрбыңызбен кездесеміз деп уәделесудің қажеті болмайды;
♦ Күшіңізді саралай біліңіз. Өзіңізге көп жүк артпаңыз. Әрине, қызықты істер өте көп. Олардың барлығын да байқап көргіміз келеді. Алайда, бір уақытта бірнеше үйірмеге қатысу мүмкін еместігін өзіңіз де білетін шығарсыз;
♦ Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір. Айналаңыздағыларға үйге көп тапсырма алғандығыңыз туралы бір сағат бойы шағым айтсаңыз да, тапсырманың санын азайта алмайсыз. Ал, уақытыңыздың сарқылатыны анық. Бос әуреге салынып, сабақтың мезі етіп жүргенін айтқанша, тапсырмаға бірден кірісіңіз;
♦ Егер уақыттың алтыннан да бағалы екенін түсініп, оны дұрыс жұмсап үйренсеңіз, барлығына үлгересіз,
Ал, Сіз үй тапсырмасын үйге келе салысымен орындайсыз ба?
Сурет:korean.ru