Қазақстан азаматтарына Украина Республикасы бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша грант бөледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украина Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Украина Жоғары оқу орындарында бакалавриат (30 орын) және магистратура (10 орын) бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.
Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары:
1) білім туралы құжаттың орташа балы;
2) білім алушылардың академиялық кезеңнің аяқталуы бойынша ағымдағы үлгерімі;
3) мамандығының жоғары білім дипломының мамандығына сәйкестігі (магистратура үшін).
Украинаның жоғары оқу орындарында оқу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (еркін нысанда);
- баспа әріптермен жазбаша толтырылған және суреті бар сауалнама (көрсетілген үлгіде);
жеке куәлік және/немесе ұлттық төлқұжат көшірмесі (нотариалды расталған);
нотариалды расталған қосымшасымен бірге соңғы білім туралы құжаттың көшірмесі;
мектеп түлектері үшін – 9-сынып бойынша нотариалды расталған қосымшасымен аттестат көшірмесі, 10 және 11-сыныптардағы оқу үлгерімдері туралы табельдерінің мектеп мөрімен расталған көшірмелері мектеп директоры расталған түлек мәртебесі туралы анықтама (нотариалды растаған) Қазақстандағы Украина елшілігімен расталуы қажет;
студенттер үшін – қосымшасымен бірге дипломның немесе аттестаттың көшірмелері және жоғары оқу орнының оқу бөлімі растаған сынақ кітапшасынан (немесе транскрипттің) үзінді, түлек мәртебесі туралы анықтама (нотариалды расталған);
- бар болған жағдайда ғылыми жарияланымдарының немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелерінің тізбесі (PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);
-туу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Білім беру туралы құжат қосымшасымен украина тіліне аударылуы Қазақстандағы Украина елшілігімен куәландырылыуы тиіс. Украина жоғары оқу орындары және мамандықтары туралы ақпарат қосымшада.
Өтінімді мына сілтеме бойынша ала аласыз.
Құжаттар құжат тігілетін мұқабаға тігілуі тиіс. Мұқаба бетінде міндетті түрде Т.А.Ә, мекенжайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы көрсетілуі тиіс.
Құжаттар файлдық мұқабада 2 данадан (1 түпнұсқа, 1 көшірме) болуы керек және олар толық жинақталған жағдайда ғана мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ, Орынбор көшесі, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, (рұқсаттама бюросы).
Құжаттарды қабылдауды ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін (13.00-14.30 түскі үзіліс) жүргізеді, телефон +7(7172) 742390.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2016 жылғы 28 сәуір.