- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ сынағын өткізу...
ҰБТ сынағын өткізу қағидалары
Талапкер алда келе жатқан ҰБТ-ның өту ережесін білуі шарт. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 5 желтоқсандағы №506 бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын өткізу қағидаларыны биыл өзгеріс енгізілді.
ҰБТ-ны тапсыруға ерікті негізде жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген мектептердің осы жылғы бітірушілері:
1. ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі), таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәнінің біреуі бойынша өткізіледі. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші бітірушілер үшін таңдау пәні — ерікті.
2. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі – 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыруды бітіруші өзі оқитын білім беру ұйымында жүргізеді.
3. ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі – сертификат) бітірушінің Т.А.Ә. жеке куәлік, паспорт немесе туу туралы куәлік бойынша толтырылады. 16 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ бітірушіге мектеп директоры осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бітірушінің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған анықтама береді.
4. Тестілеу ҰБТ өткізу пунктерінде 1-15 маусым аралығында өткізіледі.
5. ҰБТ жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының шеңберінде жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі.
6. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25.
7. ҰБТ-ны өткізуге 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді.
8. Бітірушіге сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноутбуктарды, плейерлерді аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.
8. Талапкер ҰБТ-ны қайта тапсыра алады және оның құны 2242 теңгені құрайды.
Г. Берік