Ұстаздар оқушылар ҰБТ-ға ерте дайындалсын деген ниетпен алдын ала ескерту жасаса да, көп оқушы сәуір-мамыр айларында ғана дайындала бастайды. Артынша уақыттың аз қалғанын түсініп, күйзеліске тап болады. "ҰБТ" сөзін естіген кезде көкейімізде үрей пайда болса да, оның төмендегідей ұтымды тұстары бар екен.
Біріншіден, оқушының алдында тек қағаз бен қалам болады. Ол - білімді объективті түрде бағалайтын қағаз. Сізді еш айыптамайды, дайындалып келмегеніңіз үшін ұрыспайды, әрі барлық сұрақтың жауабын білгеніңіз үшін де қошемет сөз айтпайды. Комиссия мүшесіне ұнамай қалғаныңыз үшін ешкім төмен баға қоймайды. Яғни тапсырманы еркін отырып орындауыңызға болады.
Екіншіден, сұрақтар алдын ала берілетіндіктен, күйзелістің алдын алуға болады. Яғни 5-11 сынып бағдарламасы мен әр жыл сайын шығып тұратын тест жинақтарын жаттау жеткілікті. ҰБТ барысында тек 11 жыл бойы жинақтаған біліміңіз сарапқа салынады. Ол жерде бұрын-соңды кездестірмеген сұрағыңыз болмайды.
Үшіншіден, ҰБТ-ны тек 5 пән бойынша тапсырасыз. Қалған пәндерді дайындық барысында шетке ысыра тұруға болады. Мұның орнына 10-15 пәннен ауызша емтихан тапсырсаңыз, жағдайыңыз мүшкіл болатын еді.
Төртіншіден, ҰБТ-ға аз уақыт қалса, электронды тестілер мен анықтамалар сізге көмекке келеді.
Оқи отырыңыз:
Ұстаз туралы шығарма
Мектеп бітіруші түлектерге бірер кеңес
Жаңа мектепке үйрене алмай жүрсіз бе?
Ұстазбен ренжісіп қалған кезде не істейміз?
Оқушылардың биік өкшелі аяқ киім кигені дұрыс па?
Сурет: voxpopuli.kz