- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ-ның төртінші күнінде...
ҰБТ-ның төртінші күнінде бесінші түлек 125 балл жинады
Ұлттық бірыңғай тестілеудің төртінші күнінің қорытындысы бойынша 5 қазақстандық түлек 125 балдан алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰБТ 165 бекет бойынша өткізілді. Тестілеуге 74 371 өтініш бергендердің ішінен (95%) 70 598 түлек қатысты. Орта балл - 79,7. 100 балдан жоғары нәтижені 14 454(17,6%) түлек алды.
Бұған дейін 125 балды Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі Гүлназ Жандосқызы Ердосова; Астана қ. №59 мектеп-лицейінің түлегі Риана Еркінқызы Мұстафина; БҚО Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі Сымбат Қуанышқызы Самат және ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі Лаура Әбдіәзімова алған болатын. Тестілеудің төртінші күнінде аталған тізімді Алматы қ. №90 лицейінің түлегі Анастасия Владимировна Яковлева толықтырды.
50 балдық шеткі деңгейді 12 874 түлек (18,2%) тапсыра алмады.
Н. Айдархан