Жақында биылғы жылғы ҰБТ-ның жаңа форматы таныстырылған болатын. ҰБТ-ның жаңа форматында міндетті пән ретінде оқу сауатын тексеру пайда болды.
ЖОО-ға түсушілерге ҰБТ-ны тапсырудың жаңа форматы үш міндетті пәнді қарастырады: математикалық сауат, сауатты оқу және Қазақстан тарихы, 20 сұрақтан тұратын емтихан және 30 сұрақтан екі бейінді пән болады. Тестілеудің жалпы уақыты - 210 минут. ҚР БҒМ сұрақтардың саны артқанымен, шектік баллды 50 деңгейінде қалдырып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында ҰБТ-ның жаңа форматы инфографика түрінде көрсетілген. Мектеп түлектері үшін пайдалы нұсқаулықты назарларыңызға ұсынамыз.