Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің 5 күні өткізілді. 2 және 6 маусым аралығында тестілеуге 78398 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 56009, орыс тілінде – 22389 бітіруші.
Ең жоғары 125 балды жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ. Ондай бітірушілер саны бесеу:
1. Ердосова Гүлнәз Жандосқызы - Тараз қаласындағы «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназияның» түлегі;
2. Мұстафина Риана Еркінқызы - Астана қаласындағы «№59 мектеп-лицей ММ-інің» түлегі;
3. Абдазимова Лаура - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы «Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының» түлегі;
4. Самат Сымбат Қуанышқызы - Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы «Лингвистикалық "Үміт" гимназиясының» түлегі;
5. Яковлева Анастасия Владимировна - Алматы қаласындағы «№ 90 лицейінің» түлегі.
Бесінші күні тестілеу 22 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Тестілеудің бесінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 48 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
- тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 5 бітіруші;
- тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 19 бітіруші;
- ұялы байланыс телефондарын пайдаланған – 20 бітіруші;
- тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан – 1 бітіруші;
- рацияны қолданған – 3 бітіруші.
Келесі кестеде ҰБТ-ның қысқаша нәтижелері тестілеу күндері бойынша келтірілген: