Көп ақпаратты дұрыс игеру тәсілін білмейтін адамдар "Менің есте сақтау қабілетім нашар" деп айтады. Ағылшынша 20 сөз жаттау, диплом қорғау, көлік ережесін білу үшін әдетте классикалық тәсілдерге жүгінеміз. Ол классикалық тәсілдер – кітапты жастықтың астына қою, бір абзац жатталмайынша бірнеше мәрте қайталау, айналамыздағы бос кеңістікке қағаз жабыстыру. Көп жағдайда бұл тәсілдердің пайдасы болмай жатады. "Productivity Lessons" блогының авторы Марк Шид: «Есте сақтау қабілетім нашар екен деп қол қусырудың қажеті жоқ», - дейді. Осыған орай ақпаратты игеруге көмектесетін ең нәтижелі тәсілдерді ұсынамыз.
♦ Хат жазу. Киото университетінде 2008 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, материалды жаттауға кіріспестен 15-20 минут бұрын өміріңіздегі ең мұңды оқиғаларды қағаз бетіне түсіріңіз. Осының арқасында есте сақтау қабілетіңіз жақсарады. Бар мәселе біздің жағымсыз оқиғаларды мәңгілік есімізде сақтайтындығымызда.
Ең мұңды оқиғаларды қағазға жазған соң миымыз бұдан кейінгісін де жағымсыз ақпарат ретінде қабылдайды. Артынша кейінгі ақпарат та есте өте жақсы сақталады. Мұны ең жақсы әрі дұрыс тәсіл деп айта алмамыз. Бірақ, нәтижелі тәсіл екені анық.
♦ Табиғатты бақылау. Мичиган университетінің психологтары осыдан 3 жыл бұрын табиғатты қорғау арқылы когнитивтік қызметтің 20%-ға дейін көтерілетіндігін анықтаған. Айтпақшы міндетті түрде табиғат аясына шығудың қажеті жоқ. Табиғатты суреттен 5-10 минут бақылап отыру жеткілікті болады.
♦ Қатты айқайлау. Сөздерді дауыстап айтқан сайын 10%-ға дейін есімізде жақсы сақталады. Осы тәсілдің көмегімен сөздіктегі сөздерді оңай жаттап алуға болады. Бұл тәсілді бірнеше рет пайдаланудың өзі жеткілікті болады.
♦ Бейнелей білу. Қиын тілді меңгеру үшін өзіңіз жаттайтын сөздерді ым-ишараның көмегімен көрсетіңіз. Мысалы, «секіру» етістігін жаттасаңыз, орныңызда тұрып бірнеше рет секіріңіз. Немесе диалог жаттасаңыз, шағын қойылым ұйымдастыруды ұмытпаңыз. Осылайша барлығын әп-сәтте жаттап аласыз.
Жалғасы бар...
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Мектеп партасын кім ойлап тапқан?
Оқушы қыздар қандай қателік жібереді?
Сыныптасымыздың кемшілігін бетіне айтқан дұрыс па?
Елбасы - елімнің тірегі