- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҰБТ-ға қатысушылардың азаюы...
ҰБТ-ға қатысушылардың азаюы көрсеткіш қуумен байланыстырылды
Депутаттар Білім және ғылым министрлігінен ҰБТ тапсырушылардың күрт азаю себебін түсіндіруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҰБТ-ға қатысатын мектеп түлектерінің саны жыл сайын күрт азайып отырады. Бұл әдеттегідей жергілікті атқарушы органдардың қылығы, мектеп басшылары көрсеткішті бұзбау үшін тестілеуге қатысқысы келетіндердің барлығын бірдей қатыстырмайды, яғни балалардың құқығы шектеледі. Немесе бұл балалардың таңдауы", - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина 2014 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкімет пен Есеп комитетінің есептері таныстырылған төменгі палатаның отырысында.
Оған депутат Светлана Романовская қосылды. "Бізге мектеп директоры 9 сыныптан кейін "болды бар, қымбаттым, көрсеткішті бұзба" деп айтады деп өте көп адам келеді. Мұндай шағымдар жыл өткен сайын көбейіп келеді", - деді ол.
Министрлік депутаттарды қызықтырған сұрақтарға жақын арада жауап беруді уәде етті.
М. Бисембаева