ҰБТ-ға дайындық: ежелгі дәуір әдебиеті

ҰБТ-ға дайындық: ежелгі дәуір әдебиеті
Фото: Kapital.kz

Алда келе жатқан Ұлттық Біріңғай тестілеуі түлектер үшін әлі де болсын алынбас қамал секілді. Дегенмен дайындығы жақсы оқушының мүлт кетпесі анық. Құрметті жас түлек, ҰБТ форматы өзгерсе де сұрақтардың қатары көп өзгере қойған жоқ. Жаттап алыңыз, кәдеге жарайды. Біле жүріңіз!


1. Ежелгі дәуір әдебиеті бөлінеді: 5 кезеңге 
2. Ахмет Иасауидің өмір сүрген уақыты: XI ғасыр 
3. «Диуани хикмет»еңбегінің авторы: Ахмет Иасауи 
4. Ахмет Иасауидің ұстазы: Арыстан баб 
5. А.Иассаудің кітабы: «Диуани хикмет» 
6. «Диуани хикмет» кітабының қазақша аудармасы: «Даналық кітабы» 
7. «Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым салем, 
Осы халде мың зікірін қылдым тәмам» тармақтарының иесі: Ахмет Иасауи 
8. Қожа Ахмет Иасауи: діни ағартушы 
9. Сопылық әдебиеттің негізгі өкілі: А.Иасауи 
10. Қожа Ахмет Иасауидің хикметтерінде неше жасқа дейінгі өмірі суреттеледі: 63 
11. Ахмет Иүгінекидің еңбегінің аты: «Ақиқат сыйы» 
12. Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқаридің өмір сүрген ғасыры: 11ғасыр 
13. Жүсіп Баласағұн кітабының аты: «Құтадғу біліг» («Құтты білік») 
14. «Құтты білік» дастанының басты идеясы неше принципке негізделген:
17. Әділет,дәулет,ақыл мен қанағат жайлы кітап: «Құтадғу біліг» 
18. «Құтадғу біліг»(«Құтты білік»)дастанында ақыл-парасат бейнесі: Ұғділміш 
19. «Құтты Білік» шығармасындағы Әділдік бейнесі:Күнтуды бек(«Құтты білік») 
20. «Құтты Білік» шығармасындағы уәзір аты:Айтолды 
21. Бір сөзбен шеш;түмен сөздің түйінін», - деп айтқан: Ж.Баласағұн 
22. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында мемлекетті дұрыс басқару үшін ең алдымен не керек делінген: Әділдік 
23. Жазған кітабын Табғаш Қара Боғра ханға тарту еткен ақын: Жүсіп Баласағұн 
24. Әділет,бақыт,ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұлама: Ж.Баласағұн 
25. Ж.Баласағұнға берілген «хас хажиб» атағының мағынасы: Бас кеңесші 
26. Махмұд Қашқаридің ғылыми еңбегі: «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») 
27. «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі жарық көрген ғасыр: ХІ ғасыр 
28. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек: «Диуани лұғат ат түрік» 
29. Түркілер туралы жазылған: «Ұлы Тәңір айтады: «Менің бір тайпа қосыным бар.Оларды «Түрк»деп атап,Күншығысқа қоныстандырдым.Түрктер-көрікті,өңдері ұнамды,жүздері мейірімді,әдепті,үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл,уәделеріне берік тұратын мәрт...» деген сөздің авторы. М:Қашқари 
30. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» кітабында аталатын тайпа саны: 29 
31. «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі: түркі халықтарына ортақ мұра 
32. Әбу Насыр Әл-Фараби: ғалым,ақын,әдебиетші 
33. «Шығыстың Аристотелі» атанып,70-ке жуық тіл білген «Екінші ұстаз»: Әбу Насыр Әл-Фараби 
34. Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани 
35. Әл-Фарабидің шығармалары: «Ақылдың мәні туралы», «Философияны оқу үшін не білу керек?», «Китаб аш шеер»(«Өлең кітабы») 
36. «Кімде-кім хикмат (философия) білімін оқып үйренуге кіріспек болса,ол ең алдымен жас болуы,ниеті дұрыс,әдепті,қайырымды адам болуы керек», - деген пікірді айтқан ғұлама ғалым: Әл-фараби 
37. М.Шахановтің «Арман»,Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы»атты тарихи туындылары кімге арналған: Әл-Фараби бабамызға 
38. Ислам дәуіріндегі әдебиетке жататындар:Әл-Фараби 
39. Тасқа жазылған көне дастандар: «Күлтегін», «Тоныкөк» 
40. «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандары қай ғасырдың туындысы: VI-VIIIғ.ғ 
41. «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандарының тастағы жазулары табылған 
жер: Орхон-Енисей өзендері аңғарлары 
42. «Күлтегін» жырының негізгі тақырыбы:ерлік,ел қорғау 
43. «Руна жазуы»деген ұғым :скандинавия халықтарының сөзі 
44. «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларын жазған: Иоллығ Тегін 
45. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалым: В.Томсен 
46. Тоныкөк кім болған: қағанның кеңесшісі 
47. ...Әкем қаған өлгенде 
Інім Күлтегін жеті жаста қалды. 
Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына 
Інім Күлтегін ер атанды,-деген: «Күлтегін» жыры 
48. «Күлтегін» ескерткішінің көшірмесі қойылған жоғарғы оқу 
орны: Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті 
49. Ежелгі түріктер әйел тәңірі деп кімді санаған: Ұмай ана (аңыз 
бойынша) 
50. С.Сараидің назиралық үлгіде жазылған дастаны: «Гулстан бит- 
турки» 
51. «Гулстан бит-турки» неше тараудан тұрады:
52. Алтын Орда дәуірі әдебиетінің өкілдері: Саиф Сараи 
53. Рабғузидің прозалық туындысы: «Қисса-сул әнбия» 
54. «Оғызнаманың» ұйғыр әрпімен жазылған нұсқас сақталған 
жер: Париждің кітапханасы 
55. «Оғызнама» тарауының саны:қырықтан астам 
56. «Оғыз Қаған» жырындағы Оғыздың ақылшысы:Ұлық Түрік 
57. Жырдағы оғыз қағанының анасы: Айқаған 
58. «Мұхаббат-наме»дастанының авторы:Хорезми 
59. «Мұхаббат-наме» дастаны жататын әдебиет кензеңі: Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет 
60. «Хұсрау-Шырын» дастанының басты кейіпкері:Шырын 
61. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақынның өмір сүрген ғасыры:XIV ғ 
62. Құтбтың Низамиден аударған дастаны: «Хұсрау-Шырын» 
63. Омар Хаймды әлем жұртшылығы: математик,философ,ақын 
64. Көбінесе философиялық мәнде келетін төрт тармақты өлең: рубаилар 
65. Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен 
саналатын ақын: Омар Хайм 
66. Парсы поэзиясының атасы саналған Рудакиден мұраға қалған өлең 
жолы: 2000 
67. Рудаки «Өмір маған ақыл айтты» өлеңінің соңындағы 
түйіні: қанағат көр басыңдағы бағыңды 
68. Рудаки өмірінің 40 жылын Бұхар сарайында өткізгендігінің 
себебі: Бас ақын боп тұрған 
69. Рудаки шығармасы:егіз жолдар 
70. Көне заман ескерткіштерінің жазылу тілінің бірі: шағатай тілі 
71. Моғол империясының негізін қалаған:Мұхаммед Бабыр 
72. «Жамиғат-тауарих»(«»Жылнамалар жинағы)еңбегінің авторы: Қадырғали Жалайри 
74. Фирдоусидің кітабы: «Шахнаме» 
75. «Сәбит бірте-бірте сауат ашады» Бұл пікірдің иесі:Т.Әлімқұлов 

 

М. Ақан