ҰБТ форматы биыл өзгермейдi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бiз 11 жыл бойы бұл технологиямен жұмыс iстеп келемiз. Ол өзiн ақтай алды. Бiр емтиханмен екi бiрдей мiндеттi шешiп отырмыз. Мектеп түлектерi үшiн барлығына тең жағдай жасалып отыр», - деп журналист сауалына жауап берген Т.Балықбаев ҰБТ форматын өзгерту немесе жетiлдiру мәселесi ағымдағы жылы қарастырлып отырмағандығын тiлге тиек еттi.
«Мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн дамыту мемлекеттiк даму бағдарламасына сәйкес ҰБТ-ны қайта құру ұсыныстары болған-ды. Өткен жылы бiзде ҰБТ-ны жетiлдiру бойынша министрлiкте комиссия құрылған болатын. Бiз осы жылы тестiлеу форматын өзгерiссiз қалдырамыз деген шешiм қабылдадық. Бiз қауiпсiздiк, жауапкершiлiк мәселесiне ғана шамалы түзетулер енгiзудеміз. Олар қабылданған кезде бiз қосымша хабарлайтын боламыз», - деп толықтырды өз ойын ол.
Оның айтуынша, ҰБТ-ның жаңа форматын енгiзу мәселесi бүгiнгі күнi министрлiкте сөз болып отырған жоқ.