ҰБТ: Дұрыс жауап таңдау

Ұлттық бірыңғай тестілеуде келетін сұрақтарға жауап беруде белгілі заңдылықтар бар. Үнемі дәл солай орындалып отырмағанымен, көп жағдайда көмегі тиеді.

1. Сұрақты оқығаннан кейін дұрыс жауабын таңдағанда, бірден көзіңе түскен жауапты белгілеп, ары қарай жайбарақат өте беретін кез болады. Жаттанды сұрақ болса, жауабын бірден белгілемей, пысықтап тағы бір оқып шыққан абзал. Осы «дұрыс жауап» деп емес, мынау «дұрысырақ жауап» деп нақты сенімді болған соң ғана келесі сұраққа көшіңіз.

Орфография бойынша қате жазылған сөзді табыңыз.

А) бүрсігүні

В) тапқышсу

С) таңырқану

Д) жаннат

Е) күмәндәнгіш

Жауап нұсқаларын толық оқымаған адам бір жерде «жәннат», бір жерде «жаннат» деп жазылатын сөзді қате деп табуы мүмкін. Ал мән беріп оқысаңыз, «күмәндәнгіш» емес, «күмәнданғыш» деген дұрысырақ болып, дұрыс жауап «е» нұсқасы болатынына көз жеткізесіз.

2. Жауап нұсқаларында бір сөз не сөз тіркесі қайталана берсе, ол нұсқалар дұрыс емес деген сөз. Әдетте, тестті құрастырушы басқа нұсқа келтіре алмай, сөз таппай қалған кезде бір сөзді қайталап қоя береді. Сонымен бірге, мұндай нұсқалы сұрақты да аса мұқият оқымаса болмайды, әдейі талапкерді шатастыру үшін де солай берілуі мүмкін.

Жуан дауыстылар қалай жасалады?

А) тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады

В) еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалады

С) езудің кейін тартылуы арқылы жасалады

Д) жақтың тар ашылуы арқылы жасалады;

Е) жақтың кең ашылуы арқылы жасалады

3. Кейде бір сұрақтың жауабы екінші сұрақта айтылуы мүмкін. Мұнда да сауысқандай сақтық қажет. Көре білетін көз керек.

3-сұрақ: Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?

А) термин сөз

В) табу сөз

С) диалект сөз

Д) көнерген сөз

Е) кәсіби сөз

17-сұрақ: Диалект сөзге тән ерекшелікті табыңыз.

А) Ғылым мен техника дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер

В) Өзге тілден енген сөздер

С) Белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер;

Д) Тура айтуға тыйым салғандықтан, бұрмалап аталған сөздер

Е) Белгілі бір аймақта ғана тек ауыз екі тілде қолданылатын сөздер

Жалғасы...