Ұялы телефон — тек байланыс құралы ғана емес, жеке дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін гаджет. Қосымшалар арқылы кітап оқып, түрлі зияткерлік ойындар ойнауға болады. Қаласаңыз фитнес жаттықтырушысымен де қосымша арқылы онлайн жұмыс істеуге болады. Тіпті, халықаралық емтихандарға да дайындалу мүмкіндігі бар. Бүгін қазақстандық оқушылар үшін ұлттық біріңғай тестіне дайындалуға болатын 5 қосымшаны ұстанамыз.
1. iTest
Өткен жыл қорытындысы бойынша 16230 сұрақ қорынан тұратын бағдарлама барлық платформа үшін қолжетімді. Қосымшаны тегін қолдануға болады. Жазылу арқылы өзге қосымша қызметтерді пайдалана аласыз. Мысалы, толық ҰБТ тапсыру арқылы деңгейіңізді тексеру мүмкіндігі бар. Өзіңіздің әлсіз тұсыңызды анықтағаннан кейін, дайындық жұмыстарын күшейтесіз.
Платформалар: iOS, Android
2. Joo.kz
Жоғары сынып оқушыларына арналған қосымшадан түрлі лайфхактар тауып қана қоймай, өзіңізді мазалаған сұрақтарға жауап аласыз. Соның ішінде қай сала өзекті, қандай пән таңдау керек, күйзеліспен қалай күресуге болады деген сұрақтарға түрлі мақалалар арқылы жауап береді. Түрлі сала мамандарының жалақысы, жұмыс табу мүмкіндігі, жоғары оқу орындары туралы ақпарат та берілген. Апта сайын тест тапсыру арқылы біліміңізді шыңдай аласыз.
Платформалар: iOS, Android
3. SHOQ.ai
Қосымша өзара жарысқанды жақсы көретін оқушыларға арналған. Өйткені сіз тек тапсырма орындап қана қоймай, түрлі аймақтағы өзге қолданушылармен байланысып, олармен білім бәйгесіне түсе аласыз. Сол бойынша рейтинг жаңарып, чемпиондар анықталып отырады. ҰБТ тапсырып, өзіңіздің деңгейіңізді де бақылай аласыз. Жинаған ұпай мен таңдаған салаңызға сәйкес жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігіңізді анықтауға болады.
Платформалар: iOS, Android
4. BilimBer
Қосымша арқылы турнирлерге қатысуға болады. Қазақстанның түкпір-түкіпірінде тұратын өзге білімді оқушылармен жарысып, өзіңізді жаңа қырыңыздан танисыз. Флешкарталар арқылы ҰБТ-ға дайындалу жеңілдей түседі.
Платформалар: iOS, Android
5. История Казахстана ЕНТ
Таңдау пәніңіз Қазақстан тарихы болса, күнделікті қосымшаны пайдалану арқылы деңгейіңізді арттыра аласыз. Күніне бір рет 25 сұрақтан тұратын тестті өтсеңіз жеткілікті. Кей тест сұрақтары жадыңызда қалып қойып, ҰБТ кезінде өз септігін тигізетіні анық.
Платформалар: iOS
Іске сәт!