Мамыр айы - біреулер үшін қарқынды дайындық уақыты болса, енді біреулер үшін жүрегі тас төбесіне шығып, күйзеліске тап болатын кез. Көп оқушы ҰБТ-ны өмірдің соңы деп түсінеді. Ал өзімізді осы ситуациядан қалай алып шығуға болады? Кезекті материалымызда соны қарастырып көрейік.
Психолог маманның пікірі: "Кез келген адам өзіне лайық мөлшердегі қиындықты өткере алады. Мысалы, шығарма жазып үйреніп қалған оқушы үшін курстық жұмыс жазу қиындық тудыруы мүмкін. Сол секілді әдетте өзімізге келген адамдардың қиындықтарын бірнеше майда бөлікке бөлуге тырысамыз. Дөрекі тілмен айтқанда курстық жұмыс жазу үшін ұстазымызға жолығып, жоспар құрып, баяндама мәтінін дайындап, бірінші бөлімін жазып, артынша екінші бөлімін түгендеуімізге тура келеді. Белгілі бір жүйеге сүйену арқылы кез келген майда қиындықты өткеруге болады. Яғни белгілі бір нәтижеге қол жеткіземіз. Бұл теорияның ҰБТ-ға да қатысы бар. Бұрын оқушы бұл қиындықты басқаша өткеретін: алдымен кіріспе емтихан, артынша университеттегі сұқбаттасу, соңында оқуға тапсыру экзамені. Ал қазір тек ҰБТ ғана бар. Яғни бар қиындықты бір күнде өткеруімізге тура келеді. Сондықтан одан қатты қорқып, тапсыратын күні қобалжимыз".
Бұл іске жақындаудың өзі қорқынышты. Не істеуге болады? Әр адамның өзін дамыту барысында тұлғалық тұрақтылыққа ие болу мүмкіншілігі бар. Енді жоғарыдағы мысалымызға оралайық. Бірінші шығарма жазу, артынша реферат, курстық жұмыс, одан кейін диплом жазу. Ал баламыз осы тұрақтылыққа жылдам қол жеткізу үшін біз не істей аламыз?
ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырғыңыз келе ме? Жүгіріңіз. Физикалық жаттығулардың көмегімен адамның ерік-жігерін тәрбиелеуге болады. Ол фитнес немесе белгілі бір спорт түрі болуы мүмкін. Бұл жерде жарысуға арналған спорт түрін айтып жатқанымыз жоқ. Спорт біздің жағдайымызда жасөспірімге ерік-жігерін тәрбиелеп, алдына қойған мақсатына жетіп үйрену үшін қажет. Бір қызығы, адамның психикасын жүгіру жаттығулары арқылы тәрбиелеуге болады екен. Бала жаттығу тәртібін алдын ала ойластырып қоюы тиіс. Мысалы, бүгін 1 км қашықтыққа жүгіремін, бір айдан кейін 2 км қашықтыққа жүгіруім керек. Жасөспірім мұны не үшін жасайтындығын да білуі керек. Себебі көп болған сайын нәтиже оң болады. Себебі сымбатты көріну, өзгелерден мықты болу, ерік-жігерді тәрбиелеу, сүйген адамына ұнау сынды түрлі болуы мүмкін. Жасөспірімге өз әрекетінің мақсатын түсіндіріп, бағдарлама ұйымдастыруға көмектесу арқылы игі істерге бағыттаймыз. Ең бастысы, оны қыстамай, таңдау еркін өзіне беріңіз. Бұл – оның өзі таңдаған жолы болуы тиіс.
Ал Сіз бұл сынақты өткеруге дайынсыз ба?
Сурет: kazakhstanzaman.kz
Оқи отырыңыз:
ҰБТ ережесі
Әлем мектептері туралы қызықты деректер
Мектеп партасын кім ойлап тапқан?
Екі аптаға созылған оқушылар байқауы