- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Тыңнан түйін табу...
Тыңнан түйін табу жүйесін жетілдіру
Мансапта, қарым-қатынаста, бизнесте, ешкімнің миына кіріп-шықпаған тың нәрсе ойлап табу әрдайым жетістікке жетелер жол болады. Өзгелерден өзгеше ойлау жүйесін жетілдіру үшін біз ұсынар жаттығуларға күніне 15-20 минут уақыт бөлсеңіз болғаны.
Жаңа идеялар тууына жол ашу үшін ой ағынында кез келген нәрсеге ассоциация жасай жүру керек. Кез келген бір әріпті алып, төрт минут ішінде сол әріптен басталатын сөздер жазыңыз.
Жолда жүріп келе жатқанда, кездескен тақтайдағы сөздерді керісінше оқыңыз. Мысалы «Біз ашылдық» деген сөзді «Қыдлыша зіб» деген сияқты.
Қарапайым сөздерге қарама-қарсы мағына білдіретін сөз тіркестерін жасаңыз. Мысалы қатты мақта, қара қант, ыстық мұз. Бұл өткен ғасырлардағы қырық өтірік кейіпкерлерін еске түсіреді.
Он ерекше есім еске түсіріңіз. Алдымен, ер адамның, одан кейін әйел адамның атын еске түсіріп, ойша тізбектеп шығыңыз. Мысалы, Аргентина, Жазия, Қамария.
Қарындаш пен қалам алып, ойша еш жерде кездеспеген жаратылыстың суретін салыңыз. Оның көзі бақаға ұқсайтын, аяғы сиырға ұқсайтын, басы жыланға ұқсайтын, аузы динозаврға ұқсайтын болсын деген секілді, қиялыңызды қосып, жаңа туынды жасаңыз.
Зат есімге үйлеспейтін сын есімдер ойлап табыңыз. Мысалы жапырақ қандай болуы мүмкін емес? Тәтті жапырақ, сұйық жапырақ, гүлді жапырақ, жыртық жапырақ...
Бір сөз ойлаңыз да, оны аббревиатура, яғни қысқартылған сөз деп есептеңіз. Сол сөздің мағынасын ашыңыз. Мысалы, ҚҰМ – қажырлы да ұғымтал маман.
Бір нәрсені пайдаланудың он әдісін ойланыңыз. Бірақ ол шындыққа жанаспайтындай болсын. Мысалы кілт. Онымен су ішуге, торт кесуге, кітап оқуға, мәтін теруге болады.
@. @assel_assanova