HeadHunter компаниясы 2015 жылдың алғашқы тоқсанының нәтижесі бойынша еліміздегі еңбек онлайн-нарығындағы жағдайды талдап, негізгі тенденциялар мен келешекке болжам жасады, - деп хабарлайды Today.kz.
Қазақстандық ғаламтор нарығындағы аса танымал HeadHunter компаниясының нәтижесі бойынша ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының өзінде 40 мыңнан астам бос орындар жарияланды. Кәсіби тұрғыдан қарағанда 2014 жылдың соңғы тоқсаны мен ағымдағы жылдың 1-тоқсанының көрсеткіштерін салыстырғанда жетекші мамандық ретінде сауда саласы болып қалды.
Екінші орында - «бухгалтерия, қаржы» саласы. Одан кейін «ақпараттық технологиялар, ғаламтор, телекоммуникация» салалары. Ал төртінші орында «әкімшілік қызметкер» мамандығы.
2015 жылы жұмыс берушілер потенциалды қызметкерлерге жалақыны көбейте бастады. Мысалы, «шикізат табу» саласындағы ізденушілерге 2014 жылға қарағанда ақыны 80 мың теңгеге көтерді. Сауда саласында жұмыс іздеушілерге биыл ай сайын 122 мың теңге төлеуге дайын. Бұл - 2014 жылға қарағанда 15 мың теңгеге көтерілген ақы.
«Кеңес беру» кәсіби саласында ізденушілерге айына 136 мың теңге, ал топ-менеджменттің өкіліне компаниялар 256 мың теңге төлеуге дайын. Бұл 2014 жылғы ақыдан 41 мың теңгеге қымбат.
2015 жылы ең жоғары жалақыны өндіру, құқықтану, кеңес беру, сақтандыру мен шикізат табу салаларында ұсынады. Көптеген «қымбат» жұмыс орындарында «жалақы+бонус» жүйесі орныққан.
Ал сіз қандай саланы таңдайсыз?
Сурет: voxpopuli.kz
Ұқсас жазба:
Мамандықты қалай таңдау керек?