Таңдаулы білім ордалары

Мектеп бітіргеннен кейін қандай жоғарғы оқу орнына тапсырамын деген сұрақ толғандыратыны белгілі. Студенттік жылын ата-анасынан жырақта өткізгісі келетіндер бар. Керісінше, алысқа ұзамай өз мекеніндегі жергілікті университеттерді таңдайтындар да табылады. Қазақстандағы алдыңғы қатарлы университеттерді білесіз бе? Жасақталған тізімді бірге жасап көрейік,ендеше!

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды.Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, "бакалавр-магистр-PhD" түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды. Алматы қаласында орналасқан бұл университеттің 80 жылдан астам уақытты құрайтын тарихы бар. Жеке студенттерге арналған 90гектар аумақты құрайтын арнайы қалашығы бар. Студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Көпсалалы немесе көпбейімді университеттер арасына алдыңғы қатардағы оқу орны болып табылады.

2. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша жүзеге асады. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта – 61 мамандық, магистратурада – 64 мамандық, Ph.D докторантураcында – 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300 құрады. Астанада орналасқан бұл университеттің 20 жылдық тарихы бар.

3. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент). Аталмыш оқу орнында бірыңғай техникалық бағыттағы мамандар дайындайды.

4. Қазақстан-Британ техникалық университеті – ҚБТУ (Қазақстан-Британ техникалық университеті, KBTU) - Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі. 2010 жылғы қорытынды бойынша "Ең үздік техникалық университет" атағын иеленді. Қазақстан-Британ техникалық университеті әлемдік рейтингі жоғары, ғылым, білім және өндірістің үлгілі интеграциялық инфрақұрылымына қол жеткізген халықаралық акрредитацияға ие зерттеушілік бағыттағы университет болуға ұмтылады. Оқу орны Алматы қаласында орналасқан. Қос диплом бағдарламасы жұмыс жасайды. Ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады.

5. Алматы энергетика және байланыс университеті – Бүгінгі күнде АЭжБУ – энергетика, ақпараттық технологиялар, автоматика, радиоэлектроника және телекоммуникация саласында тек Қазақстанда ғана емес барлық Орта Азия елдерінде мамандар даярлау бойынша жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Ғылыми зерттеу орталықтары техникалық жабдықтармен толықтай қамтылған. Тәжірибелік білім алу нәтижесінде студенттер академимялық қашықтан оқу жүйесін пайдалана алады. Оқу орны Алматы қаласында орналасқан.

Жоғарыда тізімделген оқу орындары жыл сайын жүргізілетін статистика бойынша ең көп студент бағын сынап тапсырып көретін жетекші университеттер. Бұлардан бөлек елімізде педагогикалық бағытта білім беретін оқу орындары , өнер саласындағы академиялар, көлік және коммуникация, сәулет сынды мамандықтарды қамтитын университеттер де жеткілікті.

Сіз қай оқу орнына жол тарттыңыз?