- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Сіз қандай құрбысыз?...
Сіз қандай құрбысыз?
Сыныпта сенім артатын құрбыңыз бар ма?! Сырласа аласыз ба? Сыр сақтай аласыз ба?
Мектеп қабырғасында жүрген кезде жақын құрбы таба білу – күрделі іс. Өтпелі кезеңнің өзіндік қиындықтары бар. Құрбы таңдауда қателеспеудің де арнайы шарттары бар. Ендеше, бізден сізге он кеңес!
1. Қандай жағдай болмасын, тыңдап үйреніңіз! Кеңес бере білмесеңіз де адамды тыңдаған жөн.
2. Адамның жан-дүниесіне үңіле біліңіз. Мүмкін, ол қалаған нәрсе мүлде басқа әлемде шығар.
3. Ақыл айтуға үйір болмаған жөн. Жай ғана "былай жасасақ қайтеді?", "осынымыз дұрыс па?" деген секілді екіжақты көзқарасты ұстанған жөн.
4. Көзбояушылық секілді нәрселерден аулақ болғаныңыз дұрыс. Дұрыс емес нәрсенің бұрыстығын бірден айту керек. Әрине, бұрыстығына толық көзіңіз жететін болған жағдайда ғана.
5. Талғаммен санаса білу шарт. Құрбыңыз нені ұнатып, нені жек көретінін білген жөн.
6. Өзіңізді өте байсалды қалыпта ұстап үйреніңіз. Қандай жағдай болмасын, сабырлылық танытқан адам қашанда жеңіске жетеді.
7. Сырға берік болыңыз. Сізге сеніп айтқан дүниені барынша құпия сақтап үйреніңіз. Аманатқа қиянат жасау абырой әкелмейді.
8. Кез-келген жағдайда салыстырып үйреніңіз. Өзгені түсіну үшін оның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Қандай күй кешесіз? Сараптаңыз.
9. Кемшілікті бетке баса беруден аулақ болған дұрыс. Керісінше, түзетуге бейімделіңіз.
10. Өз тәжірибеңізбен де бөлісіп отыру керек. Бір жақтың әңгімесі жалықтырып жіберуі әбден мүмкін.
Құрбы таңдауда осы секілді қағидаларды ұстансаңыз, сіздің жаныңызды жақсы адамдар торуылдай бастайды. Сіз құрбы емес, құрбы сізді іздеп табады. Достықтың жолында адалдықты ту ететіндер аз. Ал, сіз олардың қатарынан болмаңыз. Сертке берік, сыр алдырмайтын, адал құрбы болыңыз. Мектеп қабырғасында достықтың қадірі жылдар өтсе де ескірмейді. Өйткені, естеліктер еске түскен сайын, өткенге оралғың келіп тұрады. Көп құрбының өткенінде жақсы адамның бейнесінде қалып қою екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол үшін, құрбы болуда да, құрбы таңдауда да қателеспейік!
Ә. Жутаева