Сынаққа дайындық кезеңі

Мектеп бітірер кезде емтихан түрінде болсын, тест түрінде болсын сынақ тапсырамыз. Бүгінгі сөз сол жөнінде болмақ. Бірнеше пайдалы кеңесімізге құлақ асыңыз.

– Арқаларыңды түзеп, ыңғайлы отырыңдар. Өздеріңді бәрінен жоғары, ақылды, зерекпін деп ойлаңдар, сендердің қолдарыңнан бәрі келеді. «Мен сабырлымын, өте сабырлымын» деген сөздерді бірнеше рет ішіңнен қайталап айт. Соңында жұдырығыңды қыс.

– Тапсырмаларды алған соң, оқып, сұрақтарымен танысқаннан кейін өзіңе жеңіл  деген тапсырманы орындаудан баста.

– Таза ақ қағазға қарындашпен дұрыс жауаптарын белгіле. Өзің таңдаған жауаптың дұрыстығын дәлелдейтін барлық деректі, мысалдарды есіңе түсір. Егер осының бәрі дұрыс болса, өзіңді жеңіл сезінесің. Басыңыз дұрыс жұмыс істеп, жүйкеңіз тынышталады, барлық күш-жігеріңізді тест жұмысын орындауға бағыттайсыз.

– Тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан өткен тапсырмаларды ұмытып, жаңасын орындауға кіріс.

– Шығарып тастау әдісін қолдан!  Дұрыс жауапқа сай келмейтін жауаптарды алып таста.

– Егер жауаптың дұрыстығына күмәндансаң, таңдау қиынға соғады. Өзіңнің түйсігіңе сен!

– Шимай қағазға жазған соң, жаныңыздағы жолдастарыңыз тапсырмаларын жазып, жанына қойды. Сіз олай етпеңіз. Уақытыңызды үнемдеп, таза бетке жазуды бастаңыз. Сіз жазып болғанға дейін көптеген ойлар басыңызға келеді, осындай жағдайда қателеріңізді түзеуге мүмкіндік болады.

Сынаққа қалай дайындалу керек?

Мақсатқа жету үшін алдыңа үлкен міндет қойма. Келеңсіз жағдайға ұшырамай тұрғанда  дайындықты баста.

Емтиханға дайындықты алдын-ала, бөлімге бөліп, сабырлылықпен баста.

Егер ойыңды жинақтай алмасаң, ең жеңілінен бастап, ақырындап қиынына көш.

Шаршағаныңды басу үшін күн сайын жаттығулар жаса.

Егер көзің шаршаса не істеу керек?

Емтиханға дайындық кезінде көзге күш түседі. Егер көзің шаршаса, ағза да әлсірейді, емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпей қалады. Соңдықтан көзің демалу үшін не істеуге болады?

Кез-келген екі жаттығуды жаса:

– бір уақытта көзіңді жоғары, төмен түсіріп-көтер (25 секунд), солға-оңға (15 секунд).

– көзіңмен аты-жөніңді, тегіңді жаз.

– Бір затқа көзіңді айырмай бір уақытта қара (20 секунд), алдыңдағы қағазға (20 секунд) назарыңды аудар.

Шаршы, үшбұрыш сал – алдымен сағат тілі бойынша, одан кейін қарама-қарсы жаққа.

Күн тәртібі:

Күнді үшке бөл.

Емтиханға күніне 8 сағат дайындал.

Бірнеше сағат спортпен айналыс, таза ауада демал, би биле.

8 сағаттан кем ұйықтама, егер қажеттілік туындаса, түскі астан кейін демал.

Тамақтану

Күніне дәруменге бай, құндылығы жоғары тамақтармен күніне 3-4 рет тамақтан. Мәзірде: грек жаңғағы, сүт тағамдары, балық, ет, жеміс-жидек, көкөніс, шоколад болуы керек. Тағы бір кеңес: емтихан алдында тамақты көп мөлшерде ішпе.

Сабаққа дайындалатын орын

Жұмыс орныңды дұрыс, жайлы, кең етіп ұйымдастыр. Үстел үстіне сары, күлгін түсті сурет қой, бұл түстер белсенділікті, қабілеттілікті арттырады.