- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Сұранысқа ие мамандықтар...
Сұранысқа ие мамандықтар
Бүгінгі күнде жақын уақытта өзекті мамандықтардың атауларын білу өте маңызды. Сондықтан да халықаралық дамуға еңбек нарығындағы жағдай екпіндей ауысады. Сондықтан да қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеру қажет.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сай, Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін адам капиталына инвестициялар өте қажет. Білімге, дағдыға және тұрғындардың қабілеттеріне инвестициялайтындар болашақтың табысты экономикасы болады. Білімді жай ғана әлеуметтік қажеттіліктерге шығын деп емес, экономикалық инвестициялар деп түсіну қажет.
Жоғары оқу орны білімінен кейінгі Бағдарлама бойынша негізгі міндеттердің бірі елдің индустриалды-инновациялық дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары және жоғарыдан оқу орны білімінен кейінгі кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан қазір ғана емес, болашақта да қажет етілетін мамандықтарды ескеріп, талдау қажеттігі туралы қорытынды шығаруға болады.
Инженерлік мамандықтар
Мамандардың болжамы бойынша озық ұстанымдарға өндірістік шығарылыммен байланысты инженерлік мамандықтар жатады. Бүгінгі күнде ең қажет етілгендер құрылысшылар, технологиялық машиналар мен техникаларды, сонымен қатар машина жасаушылар болып табылады. Олардан кейін металлургтар, энергетиктер, мұнай және газ саласының, есептеу техникасының, радиотехника, электроника және телекоммуникация жұмысшылары тұрады, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен құрастыру. Және содан кейін тау-кен ісі, автоматтандыру және басқару, прибор жасау және жылу энергетикасы саласының мамандары тұрады.
Қазіргі сәтте өнеркәсіпте кәсіби инженерлердің, орта топтың техникалық мамандары мен жетекшілерінің қатты жетіспеушілігі туындайды. Әсіресе техникалық және экономикалық немесе заңдық білімнің үйлесімдігі, ағылшын немесе кез келген еуропалық тілдік білу бағаланатын болады. Барлық өнеркәсіп салаласында инженер-маркетологтардың және менеджерлердің қажеттілігі артуда.
АТ және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді жасаушылар
Бағдарлама жасаушы - бағдарламалық жасақтаманы құратын және мінететін және оның жұмысқа қабілеттілігін қолдаушы маман. Қазіргі әлемде фирманың имиджі біршама үлкен мәнге ие және сайт - ұйымның деңгейі мен сенімділігінің көрсеткіші болып табылады. Тиісінше, веб-әрлеуші - ең жоғары ақылы «компьтерлік» мамандықтардың бірі.
Нанотехнологиялар
Бұдан кейінгі жақын болашақтың біршама талап етілетін мамандықтары нанотехнологиялармен байланысты.
Нанотехнология - бұл молекулалармен және атомдармен жұмысқа негізделген технология, бұл біршама заттардың жасырын және бағалы қасиеттерін пайдаланатын технология. Нанотехнология - бұл үлкен сала, оны үш бөлікке бөлуше болады: микросұлбаларды жасау, наноөлшемдегі роботтарды жасау, сонымен қатар атомдық деңгейдегі инженерия.
Нанотехнология барлық ғылым салаларымен байланыста болады.
Биотехнология - биологиялық жүйелер мен олардың элементтерін пайдаланатын технологиялар.
Қазіргі уақытта биотехнология ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады, онда гендік инженерия мен микробиология әдістерінің көмегімен гендік модификацияланған өнімдер алады. Биотехнология молекулярлық медицинада, биофармацевтикалық өндірістерде және басқа салаларда қолданылады.
Элеткроника мен биотехнологияның түйіскен жеріндегі мамандықтар маманнан электроникада да, биоинженерияда да терең білімді талап етеді.
Сервиспен байланысты мамандықтар
Тұрғындардың табысы артуда, орта санаттың саны да өсуде. Бұл үрдістің көрсетішінің бірі - күн өткен сайын сапалы сервиске қажеттілік.
Логистика
Логистика саласы кәсіпорынның қызмет етуінде бірінші кезекті маңыздылыққа ие. Логист мамандығы қатаң шеңберде жұмыстан шаршаған, шаблондар мен берілген шектеулерді жақсы көрмейтіндер үшін оңтайлы. Жемісті мансапты жасау үшін, логистке аналитикалық ақыл мен жүйелі ойлау, интуиция, қиын жағдайлардан тез шыға білу, адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысы, тіл тапқыштық қажет. Тәжірибелік тәжірибесіз , сонымен қатар математиканы, техниканы, қолданыстағы заңнаманы терең білмей және әрине бизнес процесстерін түсінбей мүмкін емес. Табиғатынан ойыншы, тауарлар мен жүктерді шахмат тақтасындағы фигуралар сияқты жылжыта алатын дарынға ие адам ғана жақсы логист бола алатына көптеген кәсіпкерлер көз жеткізген.
Экология
«Экология» термині бұрын 1866 жылы пайда болған. Және бұдан әрі де қоршаған ортаны сақтау мәселелері үлкен орынға ие болады. Атмосфераға зиянды қалдықтардың өсуі болашақ жаһандық әлемде бірінші орындардың бірінде экология мәселесін қояды. Бір жағынан, кәсіби экологтарға сұраныс арта бастайды, ал екінші жағынан - табиғат қорғаушылардың талаптарының спектрі кеңиді.
Медициналық мамандықтар
Медицина бүгінле енді ғана құрылып, зерттеліп келе жатқан, ал 10 жылдан кейін тәжірибеге еніп, медицинада үйреншікті іс болатын, электроника, битоехнология саласының жетістіктерін жемісті пайдаланады.
Химия
Химия саласының мамандары энергетика саласында ерекше қажет болады. Энергияның баламалы көздері аса қажет болады. Химия - инновация мен болашақтың ғылымы.
Тағамдық өнеркәсіп
Агроном және фермер мамандықтарын сарапшылардың басым бөлігі жойылып бара жатқан мамандықтар қатарына жатқызады: Әлемнің дамыған елдерінде кішігірім фермерлік шаруашылықтар 15 жылдан артық уақыт тұрақты түрде кедейшілік шегінде тепе-теңдік ұстап келеді, негізінен мемлекеттік дотация есебінен күн көреді. Болашақ тағамы болжамдардың көпшілігі бойынша – бұл табиғи емес, «нағыз» тағам, ал қоспалардың артып келе жатқан үлесі бар тағам немесе біз үшін қалыпты емес көздерден алынған қоспалары бар тағам. Инженерия және биологиядағы білімдерге ие тағам өнеркәсібі мамандары көптеген елдердің тұрғындары үшін негізгі өндірушілер болады.
Қала құрылысы
Жер ауылдар емес, қалалар планетасы болып барады. БҰҰ ақпараты бойынша, 2009 жылы қалалықтар саны ауыл тұрғындарынан асып түсті. 2025 жылы қала халқының үлесі 77% дейін артады. PricewaterhouseCooper’s деректері бойынша, 2005 жылы дүниежүзінің 100 ірі қаласы дүниежүзілік ЖІӨ 25% өндірді, 2008 жылы 30%. 2025 жылға қарай ең үлкен мегаполистердің 30 27% артады. Жаңа, тез өсіп келе жатқан мегаполистерді жоспарлау, құру және қызмет көрсетуді қолайлы қалалық ортаны құра алатын мамандар класы жасайтын болады. Мемлекет және деке құрылыс компаниялары аумақтарды кешенді дамыту бойынша мамандарға үлкен сұранысты қалыптастыратын болады (көлік, әлеуметтік орта, инвестицияларды тарту және т.б.), әсіресе қалалық жерлерде.
@. @assel_assanova