Әлемнің кез келген мемлекетінде білім саласына үздіксіз өзгерістер енгізіліп отырады. Ал қалай өзгерту керек мәселесіне келген кезде оқушыларға білім беруден бұрын ізденуге үйрету керектігі айтылады. Мұнымен қатар, әр оқушының жеке ерекшеліктеріне назар аудару мәселесі де бар.
Қазақстанда әдетте «ҰБТ керек пе, керек емес пе, 12 жылдық білімнің пайдасы бар ма, жоқ па?» сынды сұрақтарға жауап іздейміз. Ал бірінші сынып оқушысын үлкен өмірге икемдеп, бағытты дұрыс беру мәселесі көп талқыланбайды.
Британияның Білім министрі Лэми жақын күндердің бірінде Қазақстанда сөйлеген сөзінде бірінші сынып оқушыларының 40%-ына арналған мамандықтардың әлі ойлап табылмағанын айтқан болатын. Осылай үздіксіз өзгеріс енгізу арқылы балаларды не нәрсеге үйретеміз?
Осыған орай Сингапурдың білім жүйесі әлемді қызықтырып отыр. Бұл қаладағы білім жүйесі өте ерекше: ең үздік түлектердің 35%-ы мектепке ұстаз болып барады, демалыс небары 11 күнге созылады, ал мұғалім мамандығы өте жоғары бағаланады. Аталған мектепте әрбір оқушыны өмірінде қайталанбас тұлға болуға, жауапкершілікті алып, жаңа технологияны меңгеруге үйретеді.
Ал бізде мұғалім мамандығы қаншалықты жоғары бағаланады?
Сурет: nis.edu.kz