Шетелдегі тәжірибе алмасу немесе оқу тілді дамыту мен сапалы білім алуға туған үлкен мүмкіндік. Бірақ, бұл уақытта үйден жыраққа кететініңізді, сіздің жаныңызда жақын жандарыңыздың болмайтынын ескерген жөн. Өзге елде өмір сүру қарапайым өміріңізден әлдеқайда өзгеше. Сондықтан, алғашқы аптада-ақ үйге қайтуды ойға алмас үшін алдын-ала дайындалғаныңыз дұрыс. 1. Оқу:Өзіңізді еркін сезіну үшін, оқуға бармас бұрын оқу орны туралы, курстар мен мұғалімдер туралы ақпарат жинақтаңыз. Тіпті, университетке хат жазыңыз. Оқу курсын толық меңгеру үшін қандай дағдылар керегін сұраңыз. 2. Көңіл-көтеру:Барғалы отырған қалаңыз туралы ақпаратты алдын-ала жинақтаңыз: қай жерде демалуға болады, қай жерге жастар бас қосады, қаладағы ең көрікті жерлер қандай? Тіпті, кинотеатрдың өзін алдын-ала зерттеп барғаныңыз жөн. Демалыс күндері қайда тынығуға болатынын да ойластырыңыз. 3. Жатақхана:Қайда тұратыныңызды ойластырыңыз: жатақханаың жағдайына мән беріңіз. Қанша бөлмелі, жаныңызда қанша адам тұрады. Кейбір кампустарда бір адамға бір бөлме болса, кейбіреуінде бір бөлменде 3-4 студент тұрады. Университет пен жатақхана арасы қаншалықты алыс екенін, қалай барған дұрыс екеніне де зерттеу жүргізіңіз. 4. Сүйікті заттарыңыз:Өзіңіз жақсы көретін, үйіңіздің көзі ретінде сүйікті заттарыңызды бірге ала баруды ұмытпаңыз. Бұл заттар үйге деген сағынышыңызды сәлде болсын жеңілдетуге мүмкіндік береді. 5. Ауа-райы:Елдің климатын қарап, ауа-райына назар аударыңыз. Қардың орнына қыста шуақты күн, жаңбыр немесе салқын жел болуы мүмкін. Ауа-райына сәйкес керекті заттарды алыңыз. Англияға бара жатсаңыз, қолшатырды ұмытпаңыз. Италияға бет алсаңыз күн көзінен қорғайтын жақпа майды ұмытпаңыз. Көп зат алмаңыз, өйткені, басқа елден де сатып алатын заттарыңыз көп болады. Оның орнына үйіңізді еске салатын тағамдар мен заттарды алыңыз. 6. Дәрі-дәрмек:Еуропа елдерінде денсаулық сақтау саласы басқаша қызмет етеді. Сондықтан, қарапайым тұмауға бола сізден дәрігердің рұқсатын сұрауы мүмкін. Тіпті, бағасы жағынан да қымбатқа түседі. Сондықтан, өзіңізбен бірге дәрі-дәрмек апарыңыз. 7. Ақша:Шәкіртақы беріле ме, қандай жеңілдіктер болады деген сауалға жауап алыңыз. Ақша жинақтап, қосымша қор жинаңыз. Егер, ата-анаңы ақша жіберіп тұратын болса, қалай, қандай бағдарламалр арқылы жіберетінін алдын ала шешіп алыңыз.