Мектептен жоғары оқу орнына келгенде жаңа сөздер естисіз. Алдымен, кімнің кім екенінен бастайық.
Ректор – жоғары оқу орнының басшысы. Ол қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды, босатады, барлық бұйрыққа қол қояды. Ректордың бірнеше орынбасары бар. Олар – проректорлер, ректор қызмет демалысына не іс сапарға кеткенде ректордың орнын басады. ЖОО басқару қызметінде ректорге көмектесіп, басқа да қызмет түрлеріне жауап береді.
Жоғары оқу орны кішкентай болса, проректор біреу болуы мүмкін, ал үлкен болса, оқу жұмысы жөніндегі проректор, экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор, тәрбие ісі жөніндегі проректор деген бірнеше қызметтен құралады. Студент барлық проректор ішінде оқу жұмысы жөніндегі проректормен тығыз қарым-қатынаста болады. Ректор пен проректорлер ректоратта жұмыс істейді.
Декан. ЖОО бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Кей ЖОО ішінара институтқа бөлінеді. Ал кейбіреулері бірден факультетке бөлінеді. Факультет кафедраларға, кафедралар мамандықтарға бөлінеді. Осы факультеттерді басқарушы тұлға – декан деп аталады. Деканның орынбасарлары бар. Барлығы сіздің қауіпсіздігіңізге жауап беруші. Олар отыратын жұмыс орны деканат деп аталады. Кез келген сұрақтарыңыз бойынша деканатқа барып, декан және оның орынбасарынан көмек сұрай аласыз.
Егер ЖОО факультеттерге емес, институттарға бөлінетін болса, оның басқарушысы директор деп аталады. Оның да қызметі деканның қызметімен бірдей болады.
Кафедра меңгерушісі. Әр факультет бірнеше кафедраға бөлінетінін айттық. Бұл әр саланың әр түрлі мамандыққа бөлінуіне байланысты. Меңгеруші кафедрадағы оқу-ағарту, ғылыми істерді басқарады, ұйымдастырады.
Тьютор, куратор, эдвайзер. Бұл синоним сөздер, тек әр ЖОО-да бір қызмет түрі әртүрлі аталады. Куратор-эдвайзер не тьютор студенттің оқу ісін ұйымдастырады, яғни мектептегі сынып жетекшісінің қызметіне ұқсайды. Бірақ барлық куратор бірдей сынып жетекшісі секілді қамқор да мейірімді бола бермейді. Куратор сізбен мүлдем ісі жоқ болса да, сізді танымайтын болса да, оған өкпе арта алмайсыз. Себебі бұл мектеп емес...