11 қазақстандық Польшада тегін оқи алады. Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметімен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы №328 келісім шеңберінде поляк тілін бір жылоқудыескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын)бағдарламалары бойынша гранттардыұсынуда, - делінген хабарламада. Келісім шеңберінде оқу тегін, сонымен қатар, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұру мүмкіндігі бар (шамамен 80-150 еуро). Сондай-ақ,докторантура бағдарламасыстуденттеріне арналғанстипендия (шамамен300 еуро) ұсынылады. Польша жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқып жүрген ҚР азаматтары шығындарды өз қаражаты есебінен өтейді. Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімі www.nawa.gov.pl сайтындаорналасқан. Гранттарды алу үшін қажетті құжаттардың тізімі мен талаптарды мына жерде көруге болады. Дереккөз:tengrinews.kz