- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Өткен жылға өкпе...
Өткен жылға өкпе жоқ
Мінеки, бір жыл қас пен көздің арасында өте шықты. Әне-міне дегенше 2016 жыл да келді. Дегенмен әр жылдың өз естеліктері бар. 2015 жыл қазақ халқы үшін ақ түйенің қарыны жарылған жыл болды. Себебі бұл жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ассамблеяға 20 жыл, Ата заңымызға 20 жыл толды. Мұндай атаулы даталарды Қазақстанның түрлі қалалары мен облыстары айрықша іс-шараларымен атап өтті. Тараз қаласында "Мәңгілік ел", Ақтөбе облысында "Бабадан қалған байрағым", Атырау облысында "Мәңгілік қазақ елі" атты аламан айтыс өтті. Ассамблеяның 20 жылдығына орай "Елімнің тағдыры-менің тағдырым" атты форум өтті.
Атап айтар ерекше жәйт, дәл осы жылы қазақ халқының саны 17 541,2 ге жетті. 2015 жыл қазақ халқының мерейі үстем болып, қуанышы еселенген, естен кетпес жыл болды. Келген жыл да кезекті кереметтерімен қуантады деген үміттеміз.
Жолдаған Алтынай Мұрат
Ж. Исакаев