- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Он бірді оқисың...
Он бірді оқисың ба?..
Мектеп – жас талапкерді тәрбиелеуші, білімге бастаушы орта. Оқушыны қоғамға дайындап, оның білімге, ғылымға деген сүйіспеншілігін арттыратын мекеме.
Еліміздегі білім беру жүйесіне сай мектеп жасындағы оқушылар он бір жылдық білім алуға міндетті (12 жылдық қосылды). Бірақ он бір жылды толыққанды аяқтамай, тоғызыншы сыныптан кейін колледждерге ауысуға да құқылы. Бұл заң жүзіндегі міндеттемелер. Ал оқушының психологиясына салып көрсек бұл үрдістер басқаша орын алуы мүмкін.
Оқушылар мен ата-аналар арасында «он бірді оқисың ба немесе балаң он бірді оқитын болды ма?» дейтін жаттанды сұрақтар жүреді. Бұл бүгінде таң қалатын дүние емес. Дегенмен баланың толыққанды мектепті бітірмеуіне не себеп?
Мектеп әкімшілігі
Ұстаздар мен мектеп басшылығы оқушылардың білімі мен қабілеттерін, оқу үлгерімдерін жіті бақылауда ұстайды. Оқушының үлгерімі нашар болған жағдайда немесе тәртібі ережеге сай келмеген кезде әкімшілік мәжбүрлі түрде оқушымен тоғызыншы сыныпқа келген кезде қош айтысады. Бұл ата-аналармен және оқушының өзімен бірге келісу арқылы жүзеге асады. Ал бұлай жасауға себеп, мектеп білім жүйесіне сай көрсеткіш болу керек. Оған оқушылардың да деңгейі сай және үлгілі болуы абзал. Осыны ескере келіп, ең бірінші баланың тоғызыншы сыныптан мектепті тастап колледжге оқуға кетуіне мектеп әкімшілілгі себепкер болады.
Қорқыныш немесе ҰБТ
Кей оқушылардың психологиясына байланысты олардың өздері мектепті толыққанды оқудан бас тартады. Себебі оларда іштей үрей болады. Ол үрей оқушының Ұлттық біріңғай тестілеу тапсыруына байланысты орын алады. Өздерінің қабілеттерінің шама-парқын білетін оқушылар ҰБТ тапсыра алмайтындарын сезеді және олардың үрейге алып келетіні жоғары оқу орнына түсе алмай қалуы. Қазіргі кезде елімізде Ұлттық біріңғай тестілеуге деген көзқарас оқушылар арасында сынақ емес, өлім мен өмір секілді.
Өтпелі кезең
9-11 сынып арасындағы жас кезеңі жалпы психолог мамандардың есебінде өтпелі кезең болып есептеледі. Оқушының жетілуі, есею үрдісі секілді түрлі жағдайлар балаға кері немесе турасынан әсер етуі мүмкін. Жолайырық бойында тұрған балаға ең дұрысы оңай жолды таңдап кету. Ал қиындықты тек белгілі бір адамдар ғана еңсеріп кетуі мүмкін. Өтпелі кезеңнің әсері адам миына тікелей әсер еткеннен кейін баланың ішкі жан дүниесі нені қалап, нені қаламайтынын нақты айта алмайды. Өкініштісі осы кезеңде үздік оқушылардың өзі он бірінші сыныпты оқудан бас тартып жатады.
Білім алудан және оны игеруден шаршамау керек. Мектеп баспалдағы сіздің ең бірінші басатын орныңыз болғаннан кейін соңына дейін жетіңіз. Арман мен мақсатты ұштастыру сіздің қолыңызда!
М. Ақан