Оқушы өтпелі кезеңде қатарластарының мазаққа айналдырғанына қарсы тұра алмай агрессиялық мінез-құлыққа ие болады. Артынша өзі қиналып, мұңаяды. Мұның салдары өзіне қол жұмсауға апармай тұрғанда психолог мамандарға жолығу қажет.
Оқушы неге өзін қорғай алмайды? Әдетте кішкентайынан «төбелесуге болмайды», «ұрсысудың қажеті жоқ», «жақсы балалар барлығын бейбіт жолмен шешеді» деген сөздерді жиі естіген балалар, өскен соң агрессия таныту жаман мінез деп біледі. Яғни мінезін көрсетіп, өзгеге қарсы жауап айтатын болса, нашар бала боламын деп қорқады. Нәтижесінде үлкен өмірде өзі үшін жауап бере алмайтын, қауқарсыз жан болып өседі.
Ал жасөспірімдер үшін құндылықтары мен қызығушылықтарын қорғаудың маңызы зор.
Оқушы «ауыр» әуендерді тыңдау арқылы ішіндегі ашуын сыртқа шығарады. Сондықтан ата-анасы бұл туралы ашып сөйлескені жөн.
Мұнымен қатар бала осы секілді әуенді қатарластарының не тыңдап жүргенін білу үшін д таңдауы мүмкін. Яғни еліктеушілік мәселесі де ескерілгені жөн.
Адам өзіне қарағанда агрессиялы тұлғаның қысымына моральдық және физикалық тұрғыдан қарсы тұра білгені дұрыс. Олай етпеген жағдайда ол өзінің тәуелсіздігін сақтап қала алмайды.
Мамандардың айтуынша, мұндай мінез-құлық ата-ананың тым қатал немесе тым жұмсақ тәрбие беруімен байланысты.
Сурет: wikihow.ru