Мекеме өкілдерінің мәліметінше, 8 маусым күні №790 ҰБТ өткізу пунктісінде (Оңтүстік облысының Сарыағаш ауданы) оқушыларды тестілеуге кіргізу кезінде министрлік өкілдері Төлеген Айбергенов атындағы мектеп түлегінің орнына басқа адамның келгенін анықтады.
Бұл дерек бойынша тиісті акт жасалып, тәртіп бұзушы азамат істің мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары өкілдеріне тапсырылды. Сарыағаш аудандық ІІБ ақпараты бойынша, түлектің орнына тестілеуден өтпек болған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, қазір Алматы қаласында тұратын 1996 жылғы азамат екені анықталды.
Дереккөз: tengrinews.kz