Баланың ақпаратты тез меңгеруі оның жеткізілуіне де тікелей байланысты екенін естен шығармаған жөн. Осы орайда, заманауи талапқа сәйкес ұстаздар өздерінің оқу-әдістемелік құралдары ретінде түрлі ойын мен сараптамалық жұмыстарды назардан тыс қалдырмасы анық. Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары SWOT сараптамалық әдісін кең қолдануда.
SWOT деген не?
SWOT – тақырыпқа деген көзқарасты анықтау үшін жүйелі ойлауға негізделеген сараптамалық әдіс. Бұл сөздің мағынасы жоқ, дегенмен құрамындағы әр әріптің өзіне тән түсінігі бар. Бұндағы:
Strengths (күшті жағы)
Weaknesses (әлсіз жағы),
Opportunities (мүмкіндіктер),
Threats (қатерлер).
Көтеріп отырған мәселенің күшті (S) және әлсіз (W) жақтары ішкі ортаны қамтиды. Яғни, нысанның өзі сыртқы ортаға қалай әсер ететіндігі сөз болады.
Ал мүмкіндіктер (О) мен қатерлер (Т) сыртқы ортаға қалай әсер ететіні талқыланады.
SWOT әдісінің жақсы жақтары қандай?
– Бұл – кез келген салада қолдануға болатын әмбебап әдіс. Бұны зерттеу нысанына қарай оңай бейімдеуге болады.
– Қойылған мақсаттарға сәйкес жеңіл таңдау жүргізуге болатын еркін әдіс. (Мысалы, қаланы туризм саласы бойынша немесе көлік пен әлеуметтік жағдайына байланысты қарастыруға болады)
– Әдісті қолдануға арнайы білімнің қажеті жоқ.
– Сыни ойлап, жан-жақты көзқарастың қалыптасуына әсер етеді.
SWOT әдісінің кемшілігі бар ма?
– Әдіс тек ортақ факторларды көрсетеді.
– Сапалы жұмыс жасау үшін уақытыңыз бен энергияңызды ақпарат жинауға жұмсайсыз.
Бүгінде балаларды таңғалдыру өте қиын. Ойлануды керек етпейтін жұмыстардан олардың жалығары сөзсіз. Ал осындай әдістер сабақтың қызықты өтуіне әсер етеді.