Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті биылғы түлектерге Ресей Кеден академиясына оқуға түсуге мол мүмкіндік туып тұрғанын хабарлайды.
Қабылдау мына мамандықтар бойынша өтеді: «Кедендік іс», «Құқықтану», «Экономика».
Мәскеу облысы, Люберцы қаласындағы академияға күндізгі оқу бөліміне «Кедендік іс» мамандығына (5 жыл) – 5 адам, «Экономика» (бакалавр) - 1 адам, «Құқықтану» (бакалавр) - 4 адам қабылданса, В. Б. Бобкова атындағы Санкт-Петербургтегі бөлімге «Кедендік іс» мамандығы бойынша – 4 адам, «Экономика» (бакалавр) – 1 адам, «Құқықтану» (бакалавр) – 3 адам оқуға алынады. Сондай-ақ Ростов қаласындағы бөлімшеге «Кедендік іс» мамандығына – 4 адам, «Құқықтану» (бакалавр) – 1 адам оқуға түсе алады.
Академияға түсу үшін:
- «Кедендік іс» мамандығына оқуға түскісі келетіндер орыс тілі, шетел тілі, қоғамдық білім негіздері пәндерінен тест және дене шынықтыру пәнінен норматив тапсырады.
- «Құқықтану» мамандығын таңдағандар орыс тілі, қоғамдық білім негіздері, тарих пәндерін тест түрінде тапсырып, білімін дәлелдейді.
- «Экономика» мамандығына барғысы келетіндер орыс тілі, математика, қоғамдық білім негіздері пәндерінен сынақтан өтеді.
Аталмыш оқу орнына түсу үшін міндетті түрде ҰБТ көрсеткіші бойынша жоғары балл жинап, орыс тілінде емін-еркін сөйлеуіңіз керек. Оқу мерзімі: «Кедендік іс» - 5 жыл, «Экономика» мен «Құқықтану» - 4 жыл.
Академияға түскісі келетін түлектер 2015 жылдың 26 маусымына дейін gaubakirova@mgd.kz электрондық мекенжайына жеке куәлігінің көшірмесін, мектеп бітіргені үшін берілетін аттестаты мен ҰБТ қорытындысының көшірмесін жіберуі керек. Толығырақ төмендегі анықтамаларға хабарласып, біле аласыздар.
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 10-үй, тел: 8-717-2-70-99-30.