- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Мектеп аттестатын жоғалтқан...
Мектеп аттестатын жоғалтқан жағдайда
Оқуға тапсыру үшін бірнеше құжат керек. Олардың арасында мектеп бітіру аттестаты да бар. Оқуға тапсыруға аз уақыт қалғанда аттестатыңызды жоғалтып алсаңыз ше?
Мектеп бітіру аттестатын жоғалтып алған болсаңыз, телнұсқасын (дубликат) жасау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 23 мамырында шыққан нөмірі 538 Қаулысы бойынша әрекет етесіз.
Ең бірінші сізге өзіңіз оқыған мектепке бару қажет. Сіз аттестатты жоғалту себебін көрсетумен мектеп директорының атына белгіленген үлгідегі өтінішті жазуыңыз керек. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі Білім басқармасына сұранысты жібереді, ол аталған оқу орнын бітіргені туралы айғақты анықтайды.
Білім беру туралы басқа құжаттардан айырмашылығы аттестатты қалпына келтіру үшін төлем жүргізілмейді.
Оқу орнын аяқтау туралы айғақ тиісті құжаттардың болуы негізінде белгіленеді. Мысалы, білім алу туралы аттестаттың расталған көшірмесі, аталған түлектің сыныбында сабақ берген мұғалімдердің жазбаша куәліктері. Егер сіз басқа қалада тұрсаңыз, онда аттестатты қалпына келтіру үшін туған мектебіңізге келуге тура келеді.
Аттестаттың телнұсқасын жасату үшін сіз мына жерлерге барасыз:
1. Өзіңіз оқыған мектеп;
2. ХҚО (ЦОН);
3. Қалалық Білім басқармасы (ГорОО).
Аттестат телнұсқасын жасату үшін сізге мына құжаттар керек:
1. Мектеп директорының атына жазылған белгіленген үлгідегі өтініш;
2. Аттестат жоғалғаны туралы баспа бетіне шыққан хабарландыру;
3. Жеке куәлік, туу туралы куәлік;
4. Қалалық шкі істер бөлімшесінен аттестат жоғалғанын іздестіру нәтиже бермегені туралы анықтама.
Мектеп сізді ХҚО-ға (ЦОН) жібереді. ХҚО сіздің өтінішіңізді қарап, қалалық Білім басқармасына (ГорОО) бағыттайды. Қалалық Білім басқармасы ХҚО-дан барған сіздің құжаттарыңызды мақұлдаған жағдайда, қайтып ХҚО-ға жолдайды. ХҚО сізді мектепке бағыттап, мектеп аттестат телнұсқасын қолыңызға береді.
Аттестаттың телнұсқасын қалпына келтіру кезеңі 1 айдан жарты жылға дейінгі уақытты алады, сондықтан да оны тез арада қалпына келтіру үшін жылдам қимылдауыңыз қажет.
Егер сізде аттестатыңыздың көшірмесі болса, оны нотариуспен шандырып, оқуға тапсыра беруіңізге болады. Сосын телнұсқаны жасатуға өтініш бересіз. Бірақ кез келген оқу орны аттестаттың тұпнұсқасын, ол болмаған жағдайда телнұсқаны талап етеді.
Материалды дайындау барысында Қазақстанның egov.kz электрондық үкімет порталы мәліметтері пайдаланылды
Көрнекі сурет: juzi-jep.ru, liter.kz
М. Оңғарова