Математика пәнінен шпаргалка #2

Математика пәнінен шпаргалка #2

Әр күн бізге ақылдырақ болып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Өткен өмірімізді еске алғанда езуімізге күлкі үйірілсе, енді бірде көкірегімізде мұң ұялайды. Сол себепті біз өмір сүріп отырған әлемнің барлық «қулығын» үйреніп, жеңілдеп қалуларыңызға тілектеспіз. «Сандар құдіреті» атты кітап математика пәнін жоғары деңгейде меңгеруге көмектеседі.

♦ Кез келген санды 9-ға көбейту

Бұл өте оңай. 1-9 арасындағы кез келген санды 9-ға көбейту үшін қолыңызға қараңыз. Артынша көбейткішке сәйкес саусағыңызды бүгіңіз. Мысалы, 9×3 болса, 3-саусағыңызды бүгіңіз. Артынша бүгілген саусақтан кейінгілерді санаңыз. Біздің жағдайымызда 7 саны шығады. Жауабы – 27.

♦ Кез келген санды 4-ке көбейту

Бұл тәсілді көбісі біледі, әрі оңай жүзеге асады. Санды екі рет 2 санына көбейтіп, қосынды нәтижесін қосыңыз. Мысалы, 58×4 = (58×2) + (58×2) = (116) + (116) = 232

♦ Көп таңбалы сандарды көбейту

Егер сізге үлкен әрі бірі жұп болатын сандарды көбейту керек болса, оларды топтастырғаныңыз жөн. Және түрліше топтастыруға болады.

32×125
16×250
8×500
4×1000 = 4000

♦ Кез келген санды 5-ке бөлу

Шындығында үлкен сандарды 5-ке бөлу өте оңай. Бар болғаны 2-ге көбейтіп, үтірді жылжыту керек.

Мысалы, 195/5.
195х2=390
Үтірді жылжытамыз 39,0 немесе 39
2978/5
2978х2=5956
595,6

♦ 1000-нан санды азайту

Кез келген санды 1000-нан азайту үшін 9-дан ең соңғы цифрлардан өзгесінің барлығын азайтыңыз. Ал соңғы цифрды 10-нан азайтыңыз. Мысалы, 1000-648

9-6=3
9-4=5
10-8=2
Жауабы: 352

Сурет: Святослав Антонов (өңделген)

Қ. Бүйенбай