- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Мамандықтың бәрі жақсы:...
Мамандықтың бәрі жақсы: Шығыстанушы
Шығыстанушы – Азия мен Африка елдерінің өнері мен мәдениетін, этнографиясы мен экономикасын, әдебиеті мен тарихын, тілін зерттейтін маман. Шығыстанушылар Шығыс халықтарының діни мәдениеті, әдеби ескерткіштері, этнографиясы мен фольклоры, өнері туралы материалдарды игереді. Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, олар Көне Шығыс елдердің мәдениеті туралы концепциялар мен пікірлерге өзгеріс енгізеді.
Аудармашы, редактор, сыртқы сауда мен сыртқы экономикаға қатысты мекемелерде түсінік беруші ретінде, БАҚ өкілі, кітапханашы және баспашы болып жұмыс істей алады.
Өзіне қажетті білімді Халықаралық қатынастар институтында, Азия мен Африка университеттерінде алады.
Шығыстанушылар айналыса алатын сала түрлері:
- ғылыми-зерттеу жұмысы;
- сабақ беру;
- аударма, түзету.
Жұмыс орны:
- ғылыми-зерттеу институттары;
- ЖОО-лар;
- Африка мен Азия елдерімен қарым-қатынасты нығайтатын компания мен министрліктер;
- БАҚ;
- баспа, редакция;
- кітапхана.
Бойында қандай қабілеттер болуы керек:
- шығыс тобына жататын тілді білу (бірнешеу болса тіпті жақсы);
- Азия мен Африка елдерінің өткен тарихындағы мәдениеті мен саясатының қандай екенін білу.
- ғылыми зерттеулер жазып, дәріс оқу.
- сыни пікір жазу.
Афро-азиялық елдердің мәдениеті бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Шығыстанушы таңдаған тақырыбын толық түсініп, зерттеу жұмысын дұрыс жүргізуге міндетті. Мұнымен қатар, Шығыс халықтарының тілін генетикалық, типологиялық жақындығы жоқ тілдермен салыстырады.
Ал сіз қай мамандықты таңдадыңыз?
Қ. Бүйенбай