Мамандықтың бәрі жақсы: Мұнайшы

Мамандықтың бәрі жақсы: Мұнайшы
Фото: thkmg.kz

Мұнайшы мұнай мен газды алу, жинау және дайындаумен айналысады. Мұнай-газ ісінің екі мамандандыруы бар: мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен мұнай және газ кен орындарын қазу.

Бұл мамандықты алу үшін ҰБТ сынағында бесінші пән ретінде физика пәнін таңдау керек. Мамандықты игеру кезінде мұнай және газ шығару, ұңғымалар мен қабаттарды зерттеу, мұнай және газды өнеркәсіптік даярлау, тасымалдау және сақтау  жабдықтарын пайдалану секілді қызметтерді меңгереді. Сонымен қатар жабдықтарды таңдау және пайдаланудың әртүрлі тәсілдерінде ұңғымалардың технологиялық режимін белгілеу, кен орнын табиғи режимде және қабат қысымдарын қолдайтын қазуды талдау, түсімдердің қарқынын арттыру мақсатында ұңғымалардың забой маңындағы аймағына әсер ету әдістерінің техникалық-экономикалық негіздеулері, ұңғыма өнімдерін жинау және даярлау жүйесіне талдау, жұмыстардың геологиялық-техникалық жағдайларын ескергендегі құрлықтағы және теңіздегі ұңғымалар құрылысының тәсілдерін таңдау, ұңғымалар мен мұнай-газ құрылыстарының құрастырмаларын жобалау тәрізді қызметтердің мән-жайын ұғынып шығады.

Оқылатын пәндер: 

- мұнай-газ ісінің негіздері;
- б
ұрғылау негіздері;
- м
ұнай және газ геологиясы;
- ө
неркәсіптік геофизика;
- г
еодезия;
- күрделенген жағдайларда ұңғымаларды пайдалану;
- ұңғымалардан сұйықтықты көтерудің теориялық негіздері;
- к
үрделі жағдайларда ұңғымаларды өткізу;
- м
ұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы;
- б
ақылау-өлшеу аппаратуралары.

Туыстас мамандықтар: инженер, бұрғылаушы, ұңғымаларды зерттеу маманы, мұнай және газ өндіру операторы, шебері, қабат қысымын ұстау цехының операторы, шебері, бөлімше бастығы, ұңғыны зерттеу операторы, мұнай-газды дайындау және тасымалдау цехының операторы, шебері, бас құрылғы лаборанты, жобалық-конструкторлық ұйымдардың, жобалау институттарының маманы, лаборант және техник, зерттеу, жобалау, конструкторлық және өндірістік ұйымдардың техникалық қызметкерлері.

Жұмысқа орналасатын жерлері: 
- мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары;
- құрылықтағы және теңіздегі мұнай және газ кен орындары. 

Г. Берік