Жаңалықтың жаршысы журналист болу оңай емес. Ол үшін еліне адал қызмет ететін қоғам қайраткері, белсенді, коммуникабельді, сауатты жазып-сөйлей алатын, дикциясы анық, ой-өрісі, логикалық ойлау мен талдау қабілеті дамыған, ақпарат көздерімен жұмыс істей алатын, шығармашылық иесі болу керек. Сондай-ақ журналист заманауи ақпарат құралдарын жетік білуге тиіс. Себебі журналист кез келген тақырыпқа мақала, мәтін, барлық жанрда әдеби шығарма жазады. Қоғамда қордаланған өзекті тақырыпта мәселе көтере біледі.
Өнер, кино, театр істеріне сыншы болады, әртүрлі мамандармен кез келген тақырыпқа сұхбаттаса біледі. Шығармашылық кештерді жүргізеді. Кез келген мезгіл мен ауа райында оқиға болып жатқан жерде репортаждар жүргізеді. Мереке кездерінде басқа адамдар демалып жатқанда, кезекшілікті атқарады.
Кейбір қылмыстық істерге журналистік зерттеулер жүргізіп, полиция жұмысына көмектеседі. Ондай сәтте журналистің өміріне қауіп төнетін жайттар да кездеседі. Соған қарамастан қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізуге міндетті. Ақпаратты төрткүл дүниеден жинайтын болғандықтан бірнеше тілді меңгергені дұрыс.
Журналист төртінші билік – бұқаралық ақпарат құралдарында (теле-радио, интернет, газет-журнал), баспа ісінде, үкіметтік ұйымдарда қызмет атқарады.
Сурет: Massaget.kz
Оқи отырыңыз:
Мамандықтың бәрі жақсы: Косметолог – сұлулық шебері
Мамандықтың бәрі жақсы: Аудармашы
Мамандықтың бәрі жақсы: Мал дәрігері
Мамандықтың бәрі жақсы: Дизайнер
Мамандықтың бәрі жақсы: Туризм ісі