Автомеханик – көлік жөндеу жұмысы мен техникалық қызметін жүзеге асыратын қызметкер. Мұнымен қатар, құрал-сайман мен аспаптарға диагностика жүргізіп, оның техникалық күйін бақылайды. Автомобильдерді сканерлейді.
Автомобильдің толық әрі уақытылы қызмет көрсетуі, агрегат пен түйіндердің қайта қалпына келтірілуі, механизм мен детальдың реттелуі.
Бұл – өте қауіпті мамандық. Құлап жарақат алады, көздеріне зақым келеді. Ауыр заттарды жиі көтеретіндіктен, сүйегі сынып, бұлшық еттері босаңсиды. Токқа түсіп, терісі тілімденуі мүмкін. Осы секілді денсаулыққа кері әсерін тигізетін тұстары көп. Сол себепті бұл мамандықты екінің бірі игере алмайды.
Жеке қасиеттері:
Күш пен шыдамдылық, көзбен өлшеу, ірі әрі ұсақ моторика, бұлшық еттің сезгіштігі, есте сақтау қабілетінің жақсы болуы, байқағыштық, жылдам реакция таныту, табандылық, тәртіп, ең бастысы, жауапкершілік.
Білім (Нені білуі керек?):
Иномарка сынды ескі көліктерді жөндеу үшін ЖОО-да алған теориялық білім жеткіліксіз болады. Мұнымен қатар, арнайы құралдар жоқ кезде барлығын ретке келтіре алатын алтын қолдар мен біліктілік қажет. Бұрынғы көліктердің деталі қазір шығарылмайтын болғандықтан, оған қатысты шығын да көп болады. Ал тұтынушы өз кезегінде көлігім ескі болғандықтан, оның құрал-саймандары да, маманның атқарған қызметі де арзан болуы керек деп ойлайды. Сол себепті, бұл мамандық өзгелермен тіл табыса білуді де қажетсінеді.
Заманауи сервис орталықтарында диагностиканы компьютерлік бағдарламаның көмегімен жүргізетіндіктен, көп жағдайда арнайы және жоғары техникалық білімді талап етеді. Лицей немесе колледж бітірген мамандар жұмыс істей алмайды.
Жұмыс істеу орны мен мансап:
Автомобильді сервис, спорт, өндірістік және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, таксилер паркі, автомобильдер базасы, автобустар паркі, көлік тасымалдау кәсіпорындары.
Туыстас мамандықтар:
Автослесарь, жүргізуші, автоэлектрші.
Ал сіз қай мамандықты таңдадыңыз?