Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін маман.
Сот үдерісіндегі ең тәуелсіз маманның бірі – адвокат саналады.
Бұл мамандықтың ерекшеліктері қандай?
Адвокаттың басты парызы – әділдік үшін өз клиентінің құқығын қорғау. Оның жұмысы әділдік, заң мен қорғауға негізделген.
Құқық мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беретін кәсіби, тәуелсіз маман. Ол еркін мамандық болғанымен, тек заңгер ретінде ғылыми, ұстаздық және шығармашылық қызметте істей алады.
Адвокат қылмыстық, азаматтық немесе төрелік істерде қызмет көрсете алады. Бірақ бұл бағыттардың әрқайсысында өз ерекшеліктері бар. Мысалы, қылмыстық істердің адвокаты адам өлген, ұрлық, зорлық-зомбылық, экономикалық қылмыс, жол апаты сияқты істермен айналысады. Сондай-ақ ол бұрмалау істерімен де айналысады, мысалы, клиентін біреу жалған ақпарат пен дәлелдемелер арқылы айыптау істерінде қорғаумен айналыса алады.
Біздің елімізде сайланып қойылған маслихатшылар қатысатын сот жүйесі бар. Сол себепті адвокаттың бас міндеті – қорғаушысының кінәсіз екенін айғақтаушы дәлелдер арқылы тек соттың алдында емес, сол маслихатшыларды да сендіруге тырысу. Ол кісілер – заңгер емес, тіпті органдық мамандыққа қатысы жоқ қарапайым халық. Олар қиын, ауыр қылмыстық істерде өмірлік тәжірибе мен парасатты оймен үкім шығаруы үшін арнайы тағайындалатын топ.
Сотта қаралатын істер ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Ал адвокат іс сотқа жіберілмей тұрып, тергеу кезінен бастап іске араласуы керек. Бұл кезең бірнеше айды қамтуы мүмкін. Ал сот ісі бір немесе бірнеше жылға дейін созылатын кездер де болады. Осы уақытта адвокат қорғаушысының ісіне немқұрайлық танытпай, іске барын салып, араласып отыруы керек.
Өз жұмысы үшін адвокат клиентінен гонорар алады. Ал егер адамның адвокат жалдауға ақшасы болмаса, сот оған заңгерді тағайындап, оның жұмысына қаражат бөледі.
Адвокаттық қызметке кірісу үшін «адвокат» деген арнайы лауазымды иелену керек. Оны жоғары заңгерлік білімді меңгерген адам ғана ала алады. Адвокат адвокаттық бюрода жұмыс істей немесе оны басқара алады.
Адвокат мамандығы жоғары ақыл, парасаттылықты, үлкен жауапкершілікті, қоғамдық іске қызығушылықты, жылдамдылықты, шешендікті талап етеді.
Ең бастысы, адвокат өз елінің заңын толықтай жақсы меңгеруі керек.
Сурет: kyky.org
Ұқсас жазба:
Мамандықтың бәрі жақсы: Кадрларды басқарушы