Мамандықты да нумерология заңына сәйкес таңдауға болады. Мысалы, туған күніңіз 23.05.1993
Саны: 2+3=5
Айы: 0+5=5
Туылған жылы: 1993=1+9+9+3=22
Жалпы сан: 2+3+0+5+1+9+9+3=32=3+2=5
Енді шыққан санымыздың тұсындағы мамандық түрін оқимыз.
5. Атқаратын қызметі: іссапармен, ақпарат алмасумен байланысты, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыстар.
Мамандық: заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, психолог, жазушы, жолнұсқаушы, аудармашы, ғалым, менеджер, кәсіпорын иесі.
Мақсат: кемелденуге ұмтылу, әділдік орнату.
6. Атқаратын қызметі: қоғаммен байланысты талап ететін кез келген жұмыс. Медицинамен, қоғамдық ұйымдармен, білім мекемелерімен байланысты жұмыстарды ұнатады.
Таңдайтын мамандықтары: косметолог, дизайнер, мәмілегер, қорғаушы, дәрігер, ресторатор, суретші, банк қызметкері, музыкант, жазушы, әртіс, зергер.
Мақсаты: әлемдегі сұлулық пен үйлесімділікті сақтап қалуға үлес қосу.
7. Атқаратын қызметі: қоғаммен байланысты мекемелерде жетекшілік ету. Ерекше күш-қайрат пен шыдамдылықты талап ететін жұмыстар.
Таңдайтын мамандықтары: кеңесші, сәнгер, риэлтор, құрылысшы, заңгер, психолог, саудагер, банк қызметкері, ферма иесі, көмірші, әкімгер, тәртіп сақшысы, дәрігер, тарихшы, шенеунік және сәнгер.
Мақсаты: шындықты танып, кемел болуға ұмтылу. Тұлға болып қалыптасып, танымын кеңейту.
8. Атқаратын қызметі: идея ұсынуды, шығармашылық қабілетті талап ететін жұмыстар. Бизнес пен қаржы салаларында көрсетуге лайық таланттары бар.
Таңдайтын мамандықтары: маркетинг танушы, қаржыгер, өнертапқыш, атом энергетикасы саласының маманы, автомобильші, механика маманы, мұғалім, биші, медбике, жарнамашы.
Мақсаты: адамдардың құқығын қорғап, демократия орнату.
9. Атқаратын қызметі: ұшқыр қиял мен түйсіктің сезгіштігін талап ететін кез келген саланың жұмыстары. Білімнің көмегімен қоғамның өміріне өзгеріс енгізетін жұмыстарды істеуге құмар.
Таңдайтын мамандықтары: дәрі-дәрмек маманы, химияшы, ғалым, музыкант, ақын, актер, емші, мұнай саласының қызметкері, теңізші, жекеменшік детектив, қоғам қызметкері, психолог және заңгер.
Мақсаты: жан дүниесін тазалыққа баулу.
Ал Сіздің нәтижеңіз қандай болды?
Оқи отырыңыз:
Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау
Сізді мектепте оқушылар мазақтаса, не істейсіз?
Не себепті "үштік" баға аламын?
Оқушылар жұлдызнамасы
Ұстаздардың көңілінен қалай шығуға болады?
Сурет:rudaki.ru