- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Кітап оқу арқылы...
Кітап оқу арқылы мәңгілік жасаруға болады
Бүгінгі таңда адамдар өздері ойлағаннан әлдеқайда көп оқиды. Интенеттегі блогтар, телефондағы смс хаттар, теледидардағы жаңалықтар лентасы және т.б. Алайда кітаптарды еш нәрсе де алмастыра алмайды. Кітап кемелденуге көмектеседі. Оның көмегімен қартайған шағымызда миымыздың тың қалпын сақтап қала аламыз. Сөздерді ойдағы образдарға айналдыру когнитивті қызметтерге әсерін тигізеді. Кітап оқып отырған кезде сөздік қорымыз көбейіп, жадымыз жақсара түседі.
Төмендегі кітап оқу туралы фактілер өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуі мүмкін.
1. Максим Горький минутына 4 000 сөз оқыған.
2. XVII ғасырда Никола Гроллье де Сервера жылдам оқуға көмектесетін машина ойлап тапқан.
3. Т.Эдисон назарын кітапқа толықтай аударуының арқасында 2-3 жолды қатар оқитын болған.
4. Баяу оқығанға қарағанда жылдам оқу барысында көз аз шаршайды.
5. 95% адам кітапты өте баяу оқиды. Минутына 180-220 сөз.
6. Қалыпты оқу барысында ақпараттың 60%-ы қабылданады, ал жылдам оқу барысында ақпараттың 80%-ы қабылданады.
7. 1 сағат кітап оқитын болсақ, көзіміз 57 минут бойы мәтінге қарайды. Яғни бір ғана бағытқа қарау арқылы демалады десек те болады.
8. О. Бальзак жарты сағатта романның 200 бетін оқитын болған.
9. Оқу барысында көз миға түрлі әріптер арқылы суреттер жібереді. Ал ми ол суреттерді өзара біріктіреді.
10. Кітапты жақсы оқитын адам бір уақытта 4 бағдарламаны қатар тамашалай алады.
11. Орташа есеппен адамдар кітаптың бір жолын оқыған кезде 12-16 рет тоқтайды. Ал жылдам оқу техникасын меңгерген жандар 2-4 рет қана аялдайды.
12. Кітапты көп оқитын адамға калориялы тағамдар қажет емес. Және олар көп жағдайда артық салмақ жинамайды.
13. Наполеон минутына 2 000 сөз оқитын болған.
Сізге кітап оқу туралы фактілер ұнады ма? Ол туралы достарыңызға айтуды ұмытпаңыз.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай