- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Көп оқығыңыз келсе...
Көп оқығыңыз келсе
1. Кітапты қажет болған үшін емес, рахат алу үшін оқыңыз
Кейде жұмыс бабымен кітап оқуға тура келеді, ол есепке алынбайды. Оқитын кітабыңызға өзіңіз қызығушылық танытуыңыз керек. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек болады. Таныстарыңыз қандай да бір кітапты мақтағандықтан оқисыз, бітіре алмай, өзіңізді қинайсыз. Олай болмайды. Кітаптың сыртқы безендіруіне ғана қызығып оқымаңыз, аннотациясы, мазмұнымен танысып алып, шынында қызықтырып тұрса бас қойыңыз.
2. Оқуға уақыт бөліңіз
Қазір кітап оқуға арнайы уақыт бөлетін адамдар өте аз. Біз қызметке қатысты жүздеген мақала мен әдебиеттерді оқимыз, бірақ жұмысбастылықтан, шешетін мәселенің көптігінен, интернетте отырудан, одан қалса сериал көруден қолымыз босамайды. Бітуіне ұзақ уақыт бар сериалдың бір сериясын көруден бас тартыңыз. Қазір көптеген электронды оқулықтар бар, оларды көлікте (кептеліс кезінде) де оқуға болады.
3. Оқып жатқан кезде басқа әрекеттерге алаңдамаңыз
Осы жерде электронды оқулықтардың планшеттерге қарағанда басымдылығы бар. Өйткені алаңдататын фактор жоқ! Планшеттен кітап оқығанда, байланысты ажыратып тастамасаңыз, әлеуметтік желілерге, хабарламаларға алаңдап кетесіз. Ал электронды оқулық бізді мұндай азғырушылардан құтқарады. Тек тыныш жер тауып, оқу, оқу, оқу керек.
4. Кітап оқуды шынымен жақсы көріңіз
Оқу – бұл құдірет. Кітапты шынайы әуестікпен оқу арқылы, өзіңіз үшін жаңа нәрселер ашасыз. Кейде жылдап оқитын кітабыңызды парақтағанда, соның өзінде жаңа бір нәрсе табасыздар! Кітап оқу сізді өзгертіп, жаңа іс-әрекеттерге шабыттандырып, жаңа идеяларды табуға мүмкіндік береді.
5. Кітап оқуды әлеуметке шығарыңыз
Өзіңіз сияқты кітап оқуды жақсы көретін адамдарды тауып көріңіз. Виртуалды болса да, өзіңіздің кітап клубын ашып алыңыз. Қазір оқырмандарға арналған көптеген әлеуметтік желілер бар. Оқу – жалғыз адамға арналған спорт түрі емес, ол командалық та бола алады.
6. Кітап оқуды әдетке айналдырыңыз
Кітап оқу – бұл жақсы әдет қана емес, ол сізді шабыттандырады, жігерлендіреді және негізгі бағытты ұстап отыруға көмектеседі. Ең құрығанда 10 минут оқуды әдетке айналдырыңыз. 10 минут табылған жерде, 20 минут, мүмкін одан да көп уақыт табылатын шығар.
7. Кітап оқу – бұл сіздің үй жұмысыңыз сияқты оқымаңыз
Кітап оқу сіздің Маңызды істер тізіміңіздің реттік пункті болмау керек. Сіз қанат белгі (міне, мен осындай оқымыстымын) үшін, біреуге есеп беру үшін оқымайсыз, өміріңізді қанық және қызықты ету үшін оқисыз!
8. Кітап жалықтырып жіберсе, одан бас тартыңыз
Қажет немесе пайдалы болған үшін ғана кітап оқымауыңыз керек, бірінші кезекте кітап оқу үдерісінен рахат алуыңыз керек. Кітап оқу – ащы, бірақ пайдалы дейтіндей дәрумен қабылдау емес. Кітап оқу – бұл рахаттану және көңіл көтеру. Оқу барысында осы сезімдер жоқ болса, дереу басқа қызық кітапты оқуға кірісіңіз. Мүмкін, жаңағы аяқталмай қалған кітаптың уақыты келмеген шығар, оны кейінірек оқысыз.
9. Өзіңіз үшін таңғажайып кітаптар ашыңыз
Алған әсеріңізді кітап оқығанды жақсы көретін достарыңызбен бөлісіңіз. Рецензияларды оқыңыз, кітап дүкендеріне кіріп, көзбен шолу жасаңыз. Кейде мұндай жерде қызықты кітаптарды табуға болады. Қазір қағаз кітап сәннен шығып қалды дейтіндер де табылар, бірақ одан өткен пайдалы нәрсе болмас. Оларды парақтап ашу, иісінің өзі – бір ғанибет. Мұның өзіндік сиқыры бар.
10. Кітап оқу жылдамдығына алаңдамаңыз
Кітап оқу – жарыс емес! Ең бастысы, сіз – ләззат аласыз, осыны ұмытпаңыз! Сіз көп өлең тыңдап үлгеру үшін, жақсы көретін әуеніңізді ортасынан тоқтата салмайсыз немесе сүйіп ішетін тамағыңызды екі тістеп бітірмейсіз ғой? Кітапты да солай: баяу оқыңыз, бірақ әр абзацтың дәмін татыңыз.