- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- ҚБТУ оқытушысы қызға...
ҚБТУ оқытушысы қызға айналған студенті үшін айыппұлдың жартысын төлеуге дайын
Қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов ҚБТУ студенті Аян Жәрдемов үшін айыппұлдың жартысын төлеуге дайын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директорына сілтеме жасай отырып хабарлады. Еске сала кетейік, ақтөбелік Аян Жәрдемов дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болып "қызға айналған" болатын.
"Жыл романтигі атанған студент туралы бәрі хабардар деп ойлаймын. Ол ҚБТУ-де оқиды. Осы оқу орнының оқытушысы ретінде оған салынған 400 мың теңге айыппұлдың жартысын төлеуге дайынмын (жарты соманы төлеуге дайынмын - олармен ертең байланысқа шығамын). Оның қызы жігітінен енді заңды жолмен романтик болуды сұрайды деп үміттенемін", - деді Құдайбергенов.
Сонымен қатар, Құдайбергенов жігіт махаббат үшін емес, пайда табу мақсатында осындай қадамға барған болса, айыппұл төлеуден бас тартатынын айтты. "Айыппұл да заңсыз деп жатыр. Соттың шешімін күтетін боламыз", - деді ол.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігіттің фотосы кең таралған болатын. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Ол Жетісай қаласындағы №4 мектептің түлегі үшін емтиханға кіргісі келген екен.
Қ. Бүйенбай