Қазақстанда Ұлттық Бірыңғай тестілеу басталды (ҰБТ-2015) басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық тестілеу орталығы сайтында ҰБТ-2015-ке 87 783 түлектің 165 пунктте қатысатыны, соның ішінде 62 385-і қазақ тілінде және 25 398-і орыс тілінде тапсыратыны хабарланған.
Осы жылы тестілеуді өткізу форматының өткен жылдардағы тестілеуді өткізуден айырмашылығы болмайды, бірақ оны ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді. Нақтырақ айтқанда, тестілеу нәтижелері емтихан болған күнде көпшілік назарына дұрыс жауаптар коды мен емтихан ведомосын ҰБТ тапсырылған жерлерде ақпараттық стендтерде ілу арқылы хабарланады. Осыған байланысты, тестілеу нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (www.testcenter.kz) ҰБТӨП-де емтихан жұмыстары өңделгеннен кейін орналастырылады. Емтихандардан кейін ілінетін тізімдегі аты-жөндер түлектердің ЖСН кодтарымен алмастырылады, ал жауап парақшасы мен сұрақ кітапшасы әр түлектен жекелей алынады. Оны тікелей ҚР Білім және ғылыми министрлігінің өкілі қабылдайды.
Осы жылы мектепті 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқыған түлектер аяқтайды, сонымен қатар 11 сыныптың 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алған және ҰБТ-2015 тапсырғысы келгендер аяқтайды. Өтініштерді қабылау аяқталғаннан кейін 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 341 өтініш келіп түскен.
Өткен жылы ҰБТ-ны 87 593 түлек тапсырды, олардың ішінде қазақ тілінде білім алғандар - 61 678, орыс тілінде білім алғандар - 25 915. 20 236 түлек өту межесінен аса алмады, 13 137 түлек бес пән бойынша жүз балдан жоғары алды.