Қазақстанда ҰБТ-2015 аяқталды

Қазақстан Республикасында Ұлттық Бірыңғай тестілеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.

2-8 маусым аралығында өткізілген ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл - 79,4, яғни 2014 жылмен салыстырғанда (76,9) 2,5%-ға жоғары. Сондай-ақ, ведомство өкілдерінің хабарлауынша, биыл 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны 2,4 пайызға өсті, олардың саны 14 420 (17,4 пайыз) болды. Ал 2014 жылы 13 137 (15 пайыз) оқушы ғана бұл көрсеткіштен асқан еді.

Хабарламада: "50 балдық шеткі деңгейлік балды жинаған түлектер саны 4,5 пайызға көбейді, яғни 67 497 оқушы (81,4 пайыз), ал 2014 жылы олардың саны 67357 (76,9 пайыз) болды", - делінген.

Еске сала кетсек, ҰБТ қорытындысы бойынша, ең жоғары 125 балды 5 оқушы алды: Ердосова Гульназ Жандоскызы - Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мустафина Риана Еркінқызы - Астана қаласы №59 мектеп-лицейі; Самат Сымбат Куанышқызы - БҚО Теректі ауданың "Үміт" лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова - ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі; Яковлева Анастасия Владимировна - Алматы қаласы №90 лицейі. 2014 жылы ең жоғары балды төрт түлек алған болатын.