- Негізгі бет
- Жоғарғы сынып
- Қайта кешенді тестілеуге...
Қайта кешенді тестілеуге құжаттар 1 тамыздан бастап қабылданады
Қайта кешенді тестілеуге құжаттар 1 тамыздан бастап қабылданады. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлім етті.
Оның ақпараты бойынша, тестілеу барысында шекті 50 баллды 14 252 түлек жинай алмаған.
«Ағымдағы жылы шекті деңгейден өте алмаған түлектер ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін, қайта кешенді тестілеуден өтуге құқылы. Аталған тестілеу түріне қатысу үшін өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары 1-і мен 8 тамыз аралығында жүзеге асырады. Тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі», - деп атап өтті ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның мәліметтері бойынша, биыл ең жоғары 125 баллды 19 бала жинады. 2015 жылы 5 мектеп түлегі ғана жинаған болатын. 100 баллдан астам жинаған балалар саны - 16 565.
Дереккөз:inform.kz
О. Сансызбай